Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

23.11.2024

«100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік науқанының аясында Қазақстанның....

«100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік науқанының аясында Қазақстанның медициналық қызметкерлерінің құқығын қорғау мәселелері талқыланды.

Бүгін Астанада I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Қазақстан Республикасындағы медициналық құқық: заманауи мәселелер және даму перспективалары» медициналық қызметкерлердің құқығын қорғау мәселелері талқыланды. Конференция ұйымдастырушылары «Арман» жанұя мен медициналық құқық бюросы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы (әрі қарай - ДСДРО).

Конференцияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Айқын Қоңыров, Қанат Мусин және Юрий Тимошенко, Әзірбайжан Биоэтика бойынша ЮНЕСКО кафедрасы бюросының басшысы және Еуропалық медициналық құқық қауымдастығының мүшесі Вугар Мамедов (Әзірбайжан), Украинаның ғылым және техника саласының енбек сіңірген қайраткері Семен Стеценко (Украина), «Янки Купалы атындағы Гроднен мемлекеттік университеті» біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының директоры Светлана Агиевец (Белорусия) «Арман» жанұя мен медициналық құқық бюросының бас директоры Светлана Сауекенова, ДСДРО-ның бас директорының міндетін атқарушы Айнур Айыпханова, ҚР медициналық ұйымдарының басшылары, ЖОО мен медициналық қауымдастардың және т.б. өкілдері қатысты.

Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігіне сақтандыруды енгізу үздік әлемдік тәжірибеге және біздің еліміздің қалыптасқан қажеттілігіне негізделген: Қазақстанда медициналық қызметкерлерді даулар туындаған кезде және медициналық қызметкерлердің біліктілігіне қатысты сот даулары жағдайында қорғау жүйесі мен құралдары жоқ, дәрігерлік қателіктер жайлы ресми статистика жүргізілмейді, пациенттердің және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда арнайы нормативтік-құқықтық актілер жоқ, ал медициналық көмек көрсету деңгейі пациенттерден түскен шағымдар саны бойынша бағаланады.

Конференция аясында қазіргі заманғы экономикалық жағдайда медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтық негіздер; ҚР медициналық құқығының даму перспективалары; медициналық сақтандыруды енгізу перспективаларының негіздері; медициналық қызметкерлер мен медициналық ұйымдардың құқықтық жауапкершілігі; денсаулық сақтау жүйесіндегі тараптардың қарым-қатынастарын құқықтық реттеу талқыланды.

Өз сөзінде Айнур Айыпханова Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты болып денсаулық сақтау саласында адами ресурстарды басқару тиімділігін арттыру болып табылатынын атап өтті. Саладағы адами ресурстарды басқару стратегиясы дәрігерлер, пациенттер және басқа да тараптар арасында құқықтық қарым-қатынастарды реттеудің енгізілуін қамтиды.

«100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік науқанының аясында дәрігердің құқығын қорғау және оның кәсіби жауапкершілігі мәселелері бойынша 150-ден астам өтініш түсті. Осы сұрақ жиілігі бойынша екінші себептің қатарында. Бүгінгі күні  «Арман» жанұя мен медициналық құқық бюросымен бірігіп қысқа мерзімді іс-шаралар әлеуметтік науқаны жоспарына сәйкес медициналық қызметкерлердің құқықтық мәртебесін арттыру және медициналық құқықты дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді», - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар, дауларды сотқа дейін реттеу (шағымды қарау және ол бойынша шешім қабылдау), медициналық қызметкерлер тарапынан азаматтың денсаулығына салғырт немесе селқос қарауы, азаматтардың денсаулығына зиян келтіргені үшін өтемақы төлеу мәселелерін қарастыратын медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру моделі әзірленді. Аталған жұмыста тәуелсіз сарапшылардың пікірлері ескерілді.

 Бұл модельді дайындау үшін кәсіби жауапкершілікті сақтандыру тақырыбы бойынша 13 380 медициналық қызметкерлер арасында социологиялық сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша сұралғандардың 63% медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершігін сақтандыруды енгізуге оң көзбен қарайтыны және бұл мәселе өзекті деп тапты.  Медициналық қызметкерлердің көбі (61% жуығы) міндетті сақтандыру формасын қалайды.

Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру» және «Қазақстан Республикасындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы» заң жобалары әзірленді.

Заң жобасының тұжырымдамасы және заң жобасы қоғамдық талқылау үшін ҚР ДСМ және ДСДРО сайттарында төмендегі сілтемелер бойынша орналастылды:

http://www.mz.gov.kz/ru/node/343229;

http://www.rcrz.kz/index.php/ru/component/content/article/2-uncategorised/776-concepcia      Бүгін Астанада I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Қазақстан республикасының медициналық құқығы: заманауи мәселелер және даму перспективалары» медициналық қызметкерлердің құқығын қорғау мәселелері талқыланды. Конференция ұйымдастырушылары «Арман» жанұя мен медициналық құқық бюросы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы (әрі қарай - ДСДРО).

Конференцияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Айқын Қоңыров, Қанат Мусин және Юрий Тимошенко, Әзірбайжан Биоэтика бойынша ЮНЕСКО кафедрасы бюросының басшысы және Еуропалық медициналық құқық қауымдастығының мүшесі Вугар Мамедов (Әзірбайжан), Украинаның ғылым және техника саласының енбек сіңірген қайраткері Семен Стеценко (Украина), «Янки Купалы атындағы Гроднен мемлекеттік университеті» біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының директоры Светлана Агиевец (Белорусия) «Арман» жанұя мен медициналық құқық бюросының бас директоры Светлана Сауекенова, ДСДРО-ның бас директорының міндетін атқарушы Айнур Айыпханова, ҚР медициналық ұйымдарының басшылары, ЖОО мен медициналық қауымдастардың және т.б. өкілдері қатысты.

Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігіне сақтандыруды енгізу үздік әлемдік тәжірибеге және біздің еліміздің қалыптасқан қажеттілігіне негізделген: Қазақстанда медициналық қызметкерлерді даулар туындаған кезде және медициналық қызметкерлердің біліктілігіне қатысты сот даулары жағдайында қорғау жүйесі мен құралдары жоқ, дәрігерлік қателіктер жайлы ресми статистика жүргізілмейді, пациенттердің және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда арнайы нормативтік-құқықтық актілер жоқ, ал медициналық көмек көрсету деңгейі пациенттерден түскен шағымдар саны бойынша бағаланады.

Конференция аясында қазіргі заманғы экономикалық жағдайда медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтық негіздер; ҚР медициналық құқығының даму перспективалары; медициналық сақтандыруды енгізу перспективаларының негіздері; медициналық қызметкерлер мен медициналық ұйымдардың құқықтық жауапкершілігі; денсаулық сақтау жүйесіндегі тараптардың қарым-қатынастарын құқықтық реттеу талқыланды.

Өз сөзінде Айнур Айыпханова Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты болып денсаулық сақтау саласында адами ресурстарды басқару тиімділігін арттыру болып табылатынын атап өтті. Саладағы адами ресурстарды басқару стратегиясы дәрігерлер, пациенттер және басқа да тараптар арасында құқықтық қарым-қатынастарды реттеудің енгізілуін қамтиды.

«100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік науқанының аясында дәрігердің құқығын қорғау және оның кәсіби жауапкершілігі мәселелері бойынша 150-ден астам өтініш түсті. Осы сұрақ жиілігі бойынша екінші себептің қатарында. Бүгінгі күні  «Арман» жанұя мен медициналық құқық бюросымен бірігіп қысқа мерзімді іс-шаралар әлеуметтік науқаны жоспарына сәйкес медициналық қызметкерлердің құқықтық мәртебесін арттыру және медициналық құқықты дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді», - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар, дауларды сотқа дейін реттеу (шағымды қарау және ол бойынша шешім қабылдау), медициналық қызметкерлер тарапынан азаматтың денсаулығына салғырт немесе селқос қарауы, азаматтардың денсаулығына зиян келтіргені үшін өтемақы төлеу мәселелерін қарастыратын медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру моделі әзірленді. Аталған жұмыста тәуелсіз сарапшылардың пікірлері ескерілді.

 Бұл модельді дайындау үшін кәсіби жауапкершілікті сақтандыру тақырыбы бойынша 13 380 медициналық қызметкерлер арасында социологиялық сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша сұралғандардың 63% медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершігін сақтандыруды енгізуге оң көзбен қарайтыны және бұл мәселе өзекті деп тапты.  Медициналық қызметкерлердің көбі (61% жуығы) міндетті сақтандыру формасын қалайды.

Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру» және «Қазақстан Республикасындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы» заң жобалары әзірленді.

Заң жобасының тұжырымдамасы және заң жобасы қоғамдық талқылау үшін ҚР ДСМ және ДСДРО сайттарында төмендегі сілтемелер бойынша орналастылды:

http://www.mz.gov.kz/kk/node/343230

http://www.rcrz.kz/index.php/kz/

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//