Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

23.11.2024

«Санитариялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» базасында....

«Санитариялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» базасында Қоғамдық денсаулық сақтау ғылыми орталығы құрылатын болады.

Бұл туралы бүгін  вице-министр Александр Цой селекторлық режимде болған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алқасының отырысында мәлімдеді.

Алқаға қатысушыларды Қазақстандағы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру туралы ақпараттандыра отырып, Алексей Цой  ол үш негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті. Бұл саясатты қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы  қызметті қолдау үшін заңнамалық базаны жетілдіру арқылы әзірлеу; инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы мен мониторингіне бағытталған іс-шараларды іске асыру; халық денсаулығын қамтамасыз ету үшін қоғамның барлық ресурстарын жұмылдыру мен үйлестіру.

«Қызметтің үлгісі үш деңгейде ұсынылады: ұлттық, облыстық және аудандық. Ұлттық деңгейде ҚР Үкіметінің жанындағы Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі Ұлттық Үйлестіру Кеңесінің жұмысын жалғастыру ұсынылады, бұл деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі іс-шаралардың стратегиясы, жоспарлау мен үйлестіру айқындалатын болады.  Облыстық деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі іс-шараларды үйлестіру денсаулық сақтау жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңестерінің деңгейінде әкімдіктерде жүзеге асырылатын болады.  Аудандық деңгейде – аудандық әкімдіктердің, ауыл округтерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының, аудандық орталық ауруханалардың, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың, фельдшерлік-акушериялық пункттердің, медициналық пункттердің, ҮЕҰ-лардың қатысуы кезінде денсаулық сақтау жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады» - деп хабарлады вице-министр.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне  2017 жылдан бастап 2019 жыл аралығында  (орта мерзімді кезең)  сектораралық өзара іс-қимылды кеңейту, бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, азаматтардың денсаулығын нығайту  мәселелерінде ҮЕҰ, медициналық ЖОО-лардың,  ғылыми орталықтардың рөлін күшейту міндеттері алға қойылған.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту Денсаулық сақтау саласын дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен қабылданған  көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге,  денсаулықтың негізгі көрсеткіштеріне ықпал ететін  ауруларды емдеуге денсаулық сақтау  бюджетінің шығынының өсуін төмендетуге,  мемлекеттің  барлық секторын  қоғамдық денсаулық сақтау  ісіне  тартуға және халықтың  саламатты өмір салтын қалыптастыру, ұтымды тамақтану стереотипіне және белсенді және сапалы ұзақ өмір сүруге ұмтылуына мүмкіндік береді.

Алқада сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаева  денсаулық сақтау ұйымдарының  МӘМС енгізуге  дайындығын қамтамасыз ету үшін  облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері денсаулық сақтау  ұйымдарында, соның ішінде  ауылдық елді мекендерде  тиісті АТ-инфрақұрылымын құруы және қажетті компьютерлік техниканы сатып алуды қамтамасыз етулері қажет деді.   2017 жылы  денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік техникамен жарақтандыруды 50%-ға, 2018 жылы  100%-ға дейін жеткізу қажет екенін атап өтті.  Ағымдағы жылдың соңына дейін өңірлер  барлық денсаулық сақтау ұйымдарын  жергілікті медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етуге тиіс.

Сонымен бірге, вице-министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды, себебі, олар халық үшін,  әсіресе МӘМС енгізу шеңберінде барынша өзекті  болып табылады.

Барлық медициналық препараттардың бағаларын мемлекеттік реттеу кәсіпкерлік мүддесін қозғайтынын ескере отырып, одан әрі тиісі НҚА даярлау үшін (пациенттердің, үкіметтің және бизнестің мүдделерін ескере отырып) бағаларды реттеудің тиімді әдістерін қолдануды ескерумен аккредиттелген Ассоциациялар мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасының алаңында конструктивтік ұсыныстарды әзірлеу және талқылау қажет.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//