Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru

19.04.2024

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында медициналық көмек алу және медициналық мекемені таңдау құқына ие болады.  Азаматтардың бірқатар санаттары үшін МӘМС жүйесіне жарналар мен төлемдер жасау 2017 жылдың 1 шілдесінен басталады.   Келесі жылдың басынан бастап МӘМС тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК)  бойынша қаржылық оператор және МӘМС аясындағы медициналық қызметтерді  стратегиялық сатып алушы  қызметін атқара бастайды.  

Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп, міндетті сақтандыру қорының толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық-нормативтік базаны, негізгі бизнес-үдерістерді, ақпараттық жүйелерін әзірлеу мен оларды бекіту бойынша жұмыстар атқаруда.

Бүгінде «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы дайындалды. Бұл жобада  төлемдер мен жарналардың көлемдерін, төлем жасаушылардың жаңа санатын енгізу, мемлекет тарапынан төлем жасалатын тұлғалар қатарын өзгерту қарастырылған.  

Сонымен қатар, заңға енгізу жоспарланып отырған  толықтырулар  МӘМС аясында медицциналық көмек алу, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, Қордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша біріңғай төлем жасаушы ретінде белгіленуі тұрғысынан өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы МӘМС  жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.    

Айта кетерлігі, Қордың медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы ретінде ұзақ мерзімді келісімдер арқылы біріңғай тарифтік саясат бойынша жұмыс істеуі медициналық көмек пен дәрілік заттардың бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.    Осылайша, МӘМС медициналық қызметтің халықтың барлық санаттары үшін тиісті көлемде қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.    

Осыған орай, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстегі ТМККК аясындағы қызметтерді сатып алу мен ТМККК аясындағы дәрілік қамтамасыз етуді сатып алу құзырын облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық денсаулық сақтау басқармаларынан алып тастау қарастырылған.  

Бұл  облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бюджеттерінен ТМККК-ға қатысты шығындарды алып тастап, қаржыны республикалық деңгейде шоғырландыруға мүмкіндік береді. Осылайша, қаржыларды республикалық, облыстық  бюджеттерге бөлшектемей, вертикалды бақылау орнату арқылы тиімді пайдалануға мікіндік туады.

МӘМС енгізу мақсатында Министрлік құзырлы органдардың қатысуымен ақпараттандыру саласында «Медициналық қызметтерді пайдаланушылар регистрі», «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ақпараттық жүйелерін әзірлеп, тестілеуден өткізді. Бұл жүйелерде Міндетті медициналық сақтандыру қорына аударылған жарналар мен төлемдер, азаматтардың мәртебесі (сақтандырылған/сақтандырылмаған) туралы ақпараттар сақталады.

Аталған жұмыстар аясында Министрліктің ақпараттық жүйесін басқа мемлекеттік органдардың (Әділет министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі, ҚР Жоғарғы Соты) ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарланып отыр. Медициналық қызметтерді сатып алуға қатысты бизнес-үдерістерді автоматтандыру үшін (Медициналық қызмет көрсетушіні таңдау» және «Шарттасу») «Ресурстарды басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінің «Мердігерлер регистрі» модулін іске қосу бойынша жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың 8 ақпараттық жүйесімен интеграциялау жоспарланып отыр.  

МӘМС-ті енгізу бүкіл денсаулық сақтау жүйесін реформалаумен бірге кешенді түрде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы жаһандық мәселелер (жұқпалы емес аурулардың өсуі, жаңа технологиялар енгізілуіне байланысты саладағы ресурс тапшылығының өсуі, егде жастағы тұрғындар санының өсуі) бұл салаға кететін шығындардың көбеюіне әкелуде.

Халықаралық тәжірибе міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуі аталмыш мәселелерді шешуге ықпал етіп, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететінін көрсетіп отыр.

Міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуімен қатар, денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржы өсіп, бұл медициналық қызметтің жоғары сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

МӘМС-ті енгізудің мақсаты – медициналық көмек көрсетудің мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген тұрақты міндеттемелер жүйесін қамтамасыз ету. Осылайша, бұл жүйеде әрбір тараптың денсаулық сақтау жүйесіндегі орны нақты белгіленген.

Қазіргі бюджеттік үлгімен салыстырғанда, МӘМС-тің келесі артықшылықтары бар: денсаулық сақтау үшін ортақ жауапкершілік (мемлекет, жұмыс беруші, адам), әлеуметтік бағдар, МӘМС-тің міндетті сипаты, теңдей қолжетімділік (табысы мен жарна көлеміне қарамай, барлығы МӘМС аясында тиісті медициналық көмек ала алады),  медициналық мекемелер арасындағы бәсекелестік, медициналық қызмет сапасының артуы, стратегиялық сатып алулар, денсаулық сақтау жүйесі үшін қосымша қаржыландыру, бейресми төлемдердің азаюы.

Анықтама үшін: Ұсынылып отырған толықтыруларға сәйкес, 2017 жылдың 1 шілдесінен жұмыс берушілердің төлемақысы еңбек қорының 1%-нан 2022 жылға қарай  3% -ға дейін өседі. Өзін өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың жарнасы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына белгіленген  екі ең төменгі жалақы мөлшерінен  5%-ды құрайды. Өзін өзі жұмыспен қамтушылар қатарына Заң бойынша жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша табыс табатын жеке тұлғалар жатады.  МӘМС жүйесімен  азаматтарды барынша кеңінен қамту мақсатында Қазақстан Республикасынан шетелге шыққан азаматтарға, төлемшілердің басқа да санаттарына (экономикалық белсенді емес еңбекке жарамды азаматтар) 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 5% -ы көлемінде жарна белгіленген. Мемлекеттің әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға төлемақысы келесі  көлемде белгіленген: 2018 жылдың 1 қаңтарынан – мемлекеттің төлем жасау  нысанынан 3,75 %; 2019 жылдың 1 қаңтарынан – мемлекеттің төлем жасау  нысанынан 4;  2022 жылдың 1 қаңтарынан –  4 пайыздан кем емес, бірақ төлем жасау нысанынан 5 пайыздан артық емес.

Көзі материалдық mz.gov.kz

 Жалдамалы жұмыскерлердің жарналары өзгеріссіз қалады: 2019  жылы – жалақыдан  1%, 2020  жылдан – жалақыдан 2%. Қорға түсетін төлемдердің басым бөлігі мемлекет өз мойнына алып, 10,1 млн. тұрғындар үшін төлемақы жасайды.

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//