Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2016 жылды қорытындылауға және 2017 жылғы жоспарларды талқылауға арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Жиынға ҚР Парламент депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, әкімдердің орынбасарлары, аймақтардың денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, ведомствоға бағынысты мекемелердің, аймақтық департаменттердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т.б. қатысты.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз сөзінде Мемлекет басшысының Халыққа биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласының алдына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты кең ауқымды ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізу, денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру, дәрі-дәрмектердің бағасына реттеуді енгізу сияқты маңызды міндеттер қойғанын еске салды.
Министр 2016 жыл денсаулық сақтау жүйесінің барлық салары үшін өте маңызды болғанын, денсаулық сақтау саласын дамытуға байланысты алдыңғы бағдарламалардың логикалық жалғасы болып табылатын «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданданғанын атап өтті.
«2016 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72 жасты құрады. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 6 жылға артық. Сәбилердің өлім-жітім көрсеткіші азайып келе жатыр. 2016 жылы бұл көрсеткіш 1000 туылған сәбиге шаққанда 12,6 көрсеткішін құрады. Бұл 2006 жылғымен салыстырғанда 2 есе аз болып отыр. Ана мен бала өлімін азайту мақсатында Министрлік босандыру мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің біріктірілген үлгісін енгізді. Қабылданған шаралар сәби өліміне қатысты көрсеткіштерді тұрақты түрде төмендетуге мүмкіндік берді. Статистика жөніндегі комитеттің мәліметі бойынша, есептік жылы 100 000 тууға 12,7 өлім оқиғасы тіркелген. 2000 жылы бұл көрсеткіш 100 000 тууға шаққанда 48-ді құраған болатын. Өлім-жітімді азайту үшін бейінді медициналық ұйымдардың үйлестіру, мониторинг, тиімділікті қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейде сапасын көтеру тұрғысында ролі күшейтілді»,-деді Елжан Біртанов.
Ұлттық скринингтік бағдарламаны жүзеге асыру жалғастырылуда. 2016 жылы балалар мен ересектер арасындағы мақсаттық топтарда 11 104 264 скрининг-тексеру өткізілген. Скринингтік бағдарламалармен қамту көрсеткіші 90 пайызды және одан жоғары көрсеткішті құрады. Ауру жағдайларын анықтау деңгейі артып, анықталған ауруларды диспансерлік бақылауға алу көрсеткіштері жақсарды.
«Халықтың 40 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұратынын ескере отырып, ауыл халқына, әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән берілді. Көліктік медицина дамуда – 49 жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істейді, күре жолдардың бойында 40 медициналық құтқару пункттері құрылған, 3 емдеу-диагностикалық пойызы жасақталған. Республикалық санитарлық авиация жұмыс істеп, профильдік мамандардың консультациясы ұйымдастырылуда», - деп атап өтті Елжан Біртанов.
«Телемедицина дамуда, 2016 жылы 28060 телемедициналық консультация жүргізілді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,7 мыңға артық. Медицина саласындағы заманауи жетістіктердің қолжетімділігі артты. Мұндай көмектің әсіресе ауыл халқына қолжетімділігіне ерекше мән берілуде. 2016 жылы жоғары мамандандырылған медициналық көмекке 64 мың пациент жүгінді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 мыңға артық,»- деді Денсаулық сақтау министрі.
Еліміздегі демографиялық ахуалға ықпал ететін ауруларды емдеуге ерекше мән берілуде. Бұл мақсатта біріктірілген үлгіні кезең-кезеңімен бес бағыт бойынша енгізу жоспарланған. Барлық бағыттар бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды. Әр бағыт бойынша медициналық көмек көрсету ұйымдарының қызметі, кадрлық әлеуеті, материалдық-техникалық базасы сараланып, қызметтердің проблемаларын шешу жолдары нақтыланды.
Республиканың 7 аймағындағы 23 емханасында артериалдық гипертензия, қант диабеті, созылмалы жүрек кемістігі сынды 3 нозология бойынша пилотты жоба ретінде Ауруларды басқару бағдарламасы енгізілуде. Бұл бағдарлама пациенттерді салауатты өмір салтын ұстануға үйрету арқылы созылмалы аурулардың асқынуын, ауруханаға шұғыл түсуін азайтуға бағытталып, азаматтардың өз денсаулығы үшін тең дәрежеде жауапкершілігін арттыруды көздейді.
Денсаулық сақтау саласының негізгі басымдығы – ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады.
Алғаш рет посткеңестік елдер арасында Қазақстанда пневмококк инфекциясында қарсы вакциналауды бастады. Бүгінгі таңда еліміздің 2 аймағы аталған вакциналау түрімен қамтылды. Кезең-кезеңімен вакциналау республика бойынша жүргізілетін болады. Тек аталған шаралар ғана балалар арасындағы өлімді 20%-ға төмендуге мүмкіндік береді.
Өз сөзінің соңында министр еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуында оң өзгерістер бар екенін, дей тұрғанмен, жаһандық деңгеймен қатар, ішкі ахуалға қатысты да жүйенің белгілі проблемалары бар екенін атап өтті.
«Осыған байланысты және Мемлекет басшысының қойған тапсырмаларын жүзеге асыру үшін министрлік жергілікті атқарушы органдармен, медициналық ұйымдармен, жеке және кәсіби қауымдастықтармен, үкіметтік емес сектормен, пациенттермен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. «Қазақстан -2050» Стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін ЭЫДҰ озық тәжірибесіне сүйене отырып, одан әрі жүйелі жұмысты жалғастыруымыз қажет. Ортақ іс-қимылдар мен денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша көтерген бастамаларды жүзеге асыру шаралары біз бүгінгі таңда белгілеген көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенемін», - деді министр.
Көзі материалдық mz.gov.kz