ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заңды және жеке тұлғаларға азаматтардың денсаулығын сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылау бойынша құқықтық ақпарат беру арқылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді.
Құқықтық ақпарат беру түрінде көмек «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
Ақпаратты:
1) бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері орналастырылған және бюджеттік бағдарламалардың жобалары және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептері талқыланатын ашық бюджеттердің интернет-порталы арқылы;
2) жария талқылау үшін нормативтік құқықтық актілердің жобалары орналастырылған ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы арқылы;
3) денсаулық сақтау саласындағы мәселелер бойынша барлық ниет білдірушілер сұрақ қоя алатын Министрліктің «mz.gov.kz» сайтындағы Бірінші басшы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің блогы арқылы;
4) ауызша немесе жазбаша нысандағы сұрау салу арқылы, оның ішінде ақпарат беру туралы электрондық құжат түрінде алуға болады.
Ақпаратқа қол жеткізу құқығы тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана шектелуі мүмкін екенін айта кеткен жөн. Мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылады.
Сұрау салу бойынша ақпарат беру тәртібі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11- бабымен қарастырылған.
Көзі материалдық mz.gov.kz