2016 жылдың 16 қарашада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнін өткізу тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және ҚР ДСӘДМ 25.04.2016 ж.  «2016 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 325 бұйрығын іске асыру мақсатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен  2016 жылдың 16 қарашасында елдің барлық өңірлерінде Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнін өткізу жоспарлануда.

           Қант диабеті – ұйқы безінің инсулинді (қан құрамында қанттың немесе глюкозаның құрамын реттейтін гормон) жеткілікті өндіре алмауынан  немесе ағзаның өндірілген инсулинді тиімді қолдана алмауынан туындайтын қауіпті созылмалы ауру. Қоғамдық денсаулық сақтау саласына айтарлықтай мәселе тудыра отырып, қант диабеті төрт басты жұқпалы емес аурудың (ЖЕА) бірі болып табылады.

             Қант диабеті түрлі асқынуды тудыруы және жалпы мезгілсіз өлім-жітім қаупін арттыруы мүмкін. Оған инфаркт, инсульт, бүйрек жеткіліксіздігі, аяқты кесу, көру қабілетінен айырылуы, жүйкенің зақымдалуы және т.б. жатады. Жүктілік кезінде нашар бақыланбаған диабет іштегі нәрестенің өлімін және басқа да асқынуларды арттыруы мүмкін.

           Қант диабеті және оның асқынуы қант диабетімен ауыратын адамдар мен оның отбасы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласы және тікелей медициналық шығыстар, жұмыстан және жалақыдан айырылатындықтан ұлттық экономика үшін де елеулі экономикалық шығысқа ұшыратады.

            Мәліметтерге сүйенсек қант диабетінің 1 типі емделмейді. Қант диабетінің 2 типінің алдын алу, аурудың асқынуын және мезгілсіз өлім-жітімді болдырмау үшін тиімді тәсілдер қолжетімді, мысалы үнемі дене белсенділігі (кемінде күніне 30 минут), дұрыс тамақтану (қант пен қаныққан майды тұтынуды шектеу), темекі шегуден (жүрек-қантамыр ауруының даму қаупін арттырады) бас тарту, сондай-ақ артериялық қан қысымы мен липидтердің мөлшерін бақылау.

           

Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнінің мақсаты: қант диабеті, әлемде аурушаңдылық көрсеткішінің өсуі және негізі дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және ортақ жауапкершілікті қалыптастыру болып табылатын көптеген жағдайда осы аурудың алдын қалай алуға болатыны туралы ғаламдық ақпараттылықты арттыру.

Добавить комментарий

Довольны ли вы качеством обслуживания?
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
Total Votes:
First Vote:
Last Vote:

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7,(7232)
26-28-01, 24-99-90

Консультативтік-диагностикалық орталығы:

Әуезов даңғ., 26, (7232) 25-52-51

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер