Емдеуге жатқызу бюросы туралы ақпарат

АҚПАРАТ 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!!!

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 және 91 баптарына сәйкес жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылған жағдайда медициналық ұйымды (аурухананы) Сіздің еркін түрде таңдау құқығыңыз бар.

Жедел жағдайларда ауруханаға жатқызу шұғыл тәртіпте жүзеге асырылады, амбулаторлық- емханалық ұйымдар мамандарынан жолдамасының бар болуына тәуелсіз.

Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызған кезде Сіз таңдаған ауруханада бос төсектер болған жағдайда, емдеуші дәрігер жолдаманы рәсімдеп, ауруханаға жатқызылатын күнін көрсетіп Сіздің қолыңызға жолдаманы береді.

Сіз таңдаған ауруханада бос төсектер болмаған жағдайда емдеуші дәрігер Сізге басқа ауруханаларды ұсынады.

Ұсынылған ауруханалардан сіз бас тартқан жағдайда емдеуші дәрігер Сізбен таңдалған аурухананың ауруханаға жатқызу бюросының күту Парағына Сіздің деректеріңізді тіркеу үшін жолдайды жән ауруханаға жатқызудың соңғы күнін көрсетіп, жолдаманы рәсімдейді.

Ауруханаға жатқызу тәртібі бойынша сұрақтар пайда болған кезде Сіздерге мына ұйымдардың жауапты тұлғаларына сұрақ қоюыңызға болады:

 

Лауазымы
Телефон №
Кабинет №
Бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары 8(7232) 249622 Протозанова көшесі, 7. Қабылдау бөлімі
Ауруханаға жатқызу бюросының сарапшысы 8(7232) 535605

Серікбаев көшесі, 1.  1 қабат №1 кабинет

ҚР ДМ медициналық қызметтерге төлеу Комитетінің Департамент сарапшысы 8(7232) 251592 Крылова көшесі, 80.  №3 кабинет.(қабылдау бөлмесі)
Денсаулық сақтау басқармасының маманы 8(7232) 523238 Гоголя көшесі, 36. қабылдау бөлмесі

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7,(7232)
26-28-01, 24-99-90

Консультативтік-диагностикалық орталығы:

Әуезов даңғ., 26, (7232) 25-52-51

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер