Жасқа байланысты катаракта

2016 жылғы 17 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының Диагностикалық орталығында «Сіздің денсаулығыңыз» клубының ардагерлеріне арналған «Жасқа байланысты катаракта» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Катаракта мәселесі бойынша  оқыту дәріс-семинарын Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, офтальмолог-дәрігер Тортаев Тимур Жанарбекович жүргізді.

Катаракта – көздің кең тараған ауруы. Ол көз  бұршағының бұлдырауынан болады. Аурудың себебі жарақат, сондай-ақ жас мөлшеріне қарай пайда болатын өзгерістер болып табылады. Осы аурудың атауы Грек тілінен аударғанда  «сарқырама» деп аударылады. Катарактамен ауырған пациенттің көз алдына қабықша пайда болады және ол  лайлы судан қарап тұрған сияқты болып сезіледі.

Осы уақытқа дейін дәрігерлер ауру не себептен пайда болатынын анықтай алмай келеді. Бір көз екінші көзден артық жарақаттану фактісін түсіндіре алмай келеді. Тек қана қанда қалдықтар қалған нәтижесінде  көзбұршақтың жасушалары өледі, содан соң жинақталып қарауытады.

Дәрігер  «Мектепте» тындаушыларға қатаракта не екенін түсіндіріп, аурудың ерекшеліктері туралы түсінікті түрде айтып берді.

Дәрістің  аяғында дәрігер тындаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

 

Добавить комментарий

Довольны ли вы качеством обслуживания?
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
Total Votes:
First Vote:
Last Vote:

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7,(7232)
26-28-01, 24-99-90

Консультативтік-диагностикалық орталығы:

Әуезов даңғ., 26, (7232) 25-52-51

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер