Стационардың күн тәртібі

Науқастардың физикалық және психикалық тыныштығын қамтамасыз ететін ең басты шарттардың бірі – аурухана ішінің тәртібін сақтау.

Біздің емдеу мекемемізде ауруханаішілік тәртіп  бар – ол анықталған белгіленген тәртіп. Емдеу-қорғау тәртібінің ең басты шарты науқастың психикасын қорғау, яғни науқастарға физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасау.

Ауруханалық тәртіп науқастарды уақытында және дұрыс тамақтандыруды, қажетті емдеу мен санитариялық-гигиеналық іс – шараларын қамтамасыз етеді. Әр бөлімшеде көрнекті жерде күн тәртібі ілініп тұрады, онда:

  • Ояну, гигиеналық емшаралардың және ұйықтауға жату уақыты;
  • Тамақтану;
  • Бөлімшені жинау, желдету;
  • Диагностикалық және емдеу кабинеттерінің жұмыс уақыты;
  • Науқастарға туыстары мен таныстарының келу уақыты сағат бойынша жазылған және келушілерге арналған тәртіп сақтау қағидалары жазылған.

Күн тәртібі:

07.00-07.30 – науқастарды ояту, дене ыстығын өлшеу, гигиеналық гимнастика (жалпы режимдегі науқастар үшін), палаталарды желдету.

07.30 -08.00 – науқастардың жуынуы, бөлімшені жинау.

07.45 -08.00 – кезекшіліктің ауысуы, науқастарды тапсыру, ауыр жағдайдағы және жаңадан түскен науқастар палаталық дәрігерімен алдын ала қарауы.

08.00-08.15 – бөлімшедегі дәрігерлердің таңертенгі конференциясы.

09.00-10.00 – науқастардың таңғы асы, таңертенгі жалпы ауруханалық конференциясы.

09.30-11.00 – емдеуші дәрігердің науқастарды қарап өтуі.

11.00-14.00 – емдеу-диагностикалық жұмысы (зерттеулер, операциялар, таңулар, консультациялар жүргізу, тағайындауларды орындау, науқастарды қабылдау және шығару).

12.30-14.30 – түскі ас, екінші жинастыру, палаталарды желдету.

14.30-16.00 – демалу.

16.00-17.00 – дене  ыстығын өлшеу, тағайындауларды орындау, кезекшіліктің ауысуы.

16.00-18.30 – бос уақыт (серуендеу, туыстардың келуі), палаталарды желдету.

18.00-19.00 – кезекші тағайындауларды орындау, кезекші дәрігердің қарап өтуі.

20.00-21.30 – негізгі жинастыру, палаталарды желдету.

21.30-07.00 – ұйқы, стационардағы ауыр жағдайда жатқан  науқастарға түнгі бақылау мен күтім.

Стационарда жатқан кезде науқасқа спиртті ішімдіктерді ішуге және шылым шегуге тыйым салынады.

Емдеу-күзету тәртібін бұзған жағдайда науқас стационардан шығарылады.

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7,(7232)
26-28-01, 24-99-90

Консультативтік-диагностикалық орталығы:

Әуезов даңғ., 26, (7232) 25-52-51

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер