https://vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/970-emkhana-a-ne-shin-tirkelu-kerek#sigProId5248c57a37
Халықты емханаларға тіркеу науқаны аясында сіз қалауыңыз бойынша (қызмет көрсету аймағында) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымын таңдауға мүмкіндігіңіз бар. Бұл неліктен маңызды және тіркелгендерге қандай пайда болады?
⠀
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекке мыналар кіреді:
— ең көп кездесетін ауруларды, жарақаттарды және басқа жағдайларды диагностикалау және емдеу;
— жұқпалы ауруларға қарсы иммундау, вакцинация;
— әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын-алу және оның ерте диагностикасы;
— шұғыл жағдайларға арналған үй қоңырауларына қызмет көрсету;
— жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі балаларға патронаттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
— медициналық оңалтуды, күндізгі стационарда емдеуді қамтамасыз ету;
— мектеп медицинасы аясында профилактикалық тексерулерді қамтамасыз ету.
⠀
Тіркеу науқаны кезеңінде емханаға тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы ұйымда медициналық көмек ала бастайды, ал бұл кезеңде тіркелмеген азаматтар үшін әдеттегі медициналық көмек қолжетімді болмауы мүмкін.