Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

22.11.2024

Шығыс Қазақстан обылыстық ауруханасында қашықтықтан медициналық көмек көрсету туралы


Қазақстанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың «Сандық технологиялар арқылы қашықтықтан медициналық қызмет көрсету тәртібін бекіту туралы» бұйрығының жобасы талқылану үстінде болса да,біздің  диагностикалық орталық қазірдің өзінде бұл бағытта сәтті қадамдар жасап жатыр.
Аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Борис Галичтің айтуынша, орталық дәрігерлері алғашқы карантин кезеңінде наурыз айынан бастап қашықтықтан кеңестер бере бастады: «Бізде инсульт, инфаркт пен ауырғаннан кейінгі ауыр науқастарды қосқанда үйде де, СВА да да онлайн кеңес берудің оң тәжірибесі бар. Біз бұл бағытты әсіресе ауруханаға бару үлкен қауіп тудыратын «Ауыр» науқастар үшін  өте перспективалы, ыңғайлы деп санаймыз.Бұл әдіс коронавирусты қоса, басқа да инфекцияның таралу қаупін азайтады. Онлайн  кеңестер әртүрлі мамандармен кезекке тұрмай кеңес алуға мүмкіндік береді. Бұл жастар үшін де,кезек күтудің өзі күйзеліс болып табылатын қарт адамдар үшін де маңызды.
Естеріңізге сала кетейік, бұйрық жобасына сәйкес, пациенттердің шағымдары мен анамнезі туралы деректерді қашықтықтан жинау және талдау, емдеу тиімділігін бағалау, пациенттің денсаулық жағдайын бақылау және динамикасын бақылау жоспарланған.
Сонымен бірге, құжатта қашықтан медициналық қызметтер жоспарлы түрде де, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар үшін де, шұғыл түрде - кенеттен жедел аурулар мен жағдайлар туындаған кезде де, науқастың өміріне айқын қауіп төндірмейтін созылмалы аурулардың өршуі жағдайында да  көрсетілетін болады делінген. Мұндай қызмет түрлерін амбулаториялық, стационарлық  жағдайда да; үйде, медициналық ұйымнан тыс жерде; курорттық ұйымдарда, б.а. пациент нақты орналасқан жерде де алуға болады.
Қашықтықтан, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға рецепт нұсқаулықтары құрылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//