Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

23.11.2024

Сүт безі обырын алдын алу


Ко дню Всемирного дня осведомленности о раке молочной железы, в рамках декадника с 15 по 24 октября 2018 года.
Сүт безі обыры көптеген Еуропа және солтүстік Америка елдерінде сияқты Қазақстандық әйелдер арасында да онкологиялық аурулардың алдында тұр. Өлім-жітім жағынан сүт безінің обыры өкпе және асқазан обырынан кейін 3-орында.
Сүт безі басқа органдарға қарағанда неге қатерлі процесске бейімделген? Қолайсыз экология, күйзеліс барлық ағзаға әсер етеді. Себебі, сүт безі – әйел ағзасында ең гормонды байланысты орган. Ал гормонды жағдайға магнит бораны, күн радиациясы, өмір салты, жан тыныштығы бәрі әсер етеді.
Сүт безінің обыры тек әйелдерде ғана емес, ер адамдарда кездеседі, бірақ сирек (аурудың барлық жағдайының 1%). Ер адамдардағы кеуде безі обырының себебі: тектік өзгеріске ұшырау, семіздік, гармонды бұзылым.
Етеккірі он бір жасынан ерте басталған әйелдер сүт безінің обырымен ауруы әбден мүмкін. Сондай-ақ, 55 жастан кейін менопауза басталған әйелдерде де бұл қауіп тобы болады. Жыныстық гормондардың жоғары деңгейінен бұл әйелдер белсенді, жақсы көрінеді, бірақ дәл осы әйелдер сүт безі жағдайына ерекше көңіл бөліп қадағалауы тиіс. Сүт безі обырының аурушаңдығы жас шамасының пропорциялы артады: бұл диагноз 20-25 жас аралығында – сирек кездесетін жағдай, 30 жасқа дейін – кейбір әйелдерде ғана, 35 жастан асқандарда қауіп геометриялық прогрессияға артады – әрбір 5 жылда екі есеге өседі.
Сүт безінің обырын (СБО) алдын алудың маңызы неде? Алғашқы профилактика – бұл осы дерттің өсуіне әкелетін, қауіп факторына әсер ететін ауруды алдын алу жолдары.
1. Заманауи әйелдерің өсімпаздық қылығының өзгеруі. Көптеген әйелдер жалғыз ғана бала туып, жұмысқа шығуға асығады. Ал оларға табиғатында бірнеше бала туып және оны емізу тағайындалған. Сондықтан нәрестенің денсаулығы жақсы болу үшін міндетті түрде омырауды емізу қажет, кем дегенде жарты жыл, тіпті болмаса 9-10 айға дейін емізу қажет.
2. Созылмалы күйзеліс жағдайларынан аулақ болуға тырысыңыз. Себебі, олар сүт безінің саулығына асер етеді. Ағзаны тек қана қысқа мерзімді күйзелістер жаттықтыра алады, әсіресе егер олар мәселені шешуде жақсы аяқталған жағдайда. Уайымнан пайда болған созылмалы күйзеліс иммунитеттің төмендеуіне алып келеді. Ол дегеніміз адам ағзасын секунд сайын түзулейтін обыр жасушаларымен күресе алмауы да мүмкін.
3. Жазды күндері өзіңізді күннің астында ұзақ жүруден сақтаңыз. Әсіресе сүт безіне тікелей күн сәулесінің түсуі зиян, олардың нәзік терісі арқа мен аяқ терісіне қарағанда анағұрлым осал. Сондықтан шашыранды күн сәулесінде, көлеңкеде күнге күю дұрыс шешім және міндетті түрде суға түсуге арналған киім болуы тиіс.
4. Сүт безінің механикалық зақымдануынан сақтаныңыз. Олар он жылдан соң ғана білінуі мүмкін.
5. Тамақтану – мал майын артық қолдану, аса нәрлі тамақ, А, Е, С, Д витаминдердің жетіспеушілігі. Семіздік СБО тудыру қауіпін 2-3 есеге арттырады.

6. Үнемі кеудеге көзтартарлық форма беретін ғана, қатты маталарды қолданбауды ескеріңіз, олар кеудені қысып қан айналымын бұзады. Сондықтан кеудешені анда-санда киіп жүруге дағдыланыңыз.
7. Сүт безі обырын алдын алу тәсілінің ең дұрысы - өзін өзі тексеру. Өз кеудеңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді. Дәрігерлер және сіздің бірлескен күшіңізбен ғана ауруды ерте сатыда анықтауға болады. Оны ай сайын тексеруге болады. Тексеру үшін уақыт таңдау қажет, етеккір келіп кеткен соң бір апта ішінде – бұл уақытта кеуде жұмсақ болады. Ең дұрысы – жуынған кезде. Қолыңызды сабындап, тігінен тұрып және оң қолыңызды жоғарыға көтеріп, сол қолыңызбен оң кеудеңізді қолтыққа дейін байқап қараңыз. Содан кейін тура солай сол кеудеңізді тексеріңіз. Сондай-ақ қолтық асты шұқырын, олардың тұсын және бұғана тұсын тексеруді ұмытпаңыз.
Өз өзіңізді тексеру кезінде сақтықпен қарауыңыз қажет:
- сүт безінің түрінің өзгеруі;
- сүт безіндегі сезілген тығыздықты;
- қаттылықтың үстінгі жағынан домалақ емес, жалпақ;
- тері ұсақ тесікті лимонды қабықшаға ұқсаған кездегі ісік;
- емшек ұшы түрінің өзгеруі;
- емшек ұшынан қанды бөлінудің пайда болуы;
- сүт безінде үнемі жағымсыз жайлардың байқалуы;
- екі жаққа сәйкес қолтық асты шұқырында лимфалық түйіндердің ұлғаюы.
Сүт безінде қандай да бір дерттің пайда болуы кезінде тұрғылықты мекенжай бойынша әйелдерді тексеру кабинетіне немесе амбулаторлы-емханалық мекеменің дәрігер-гинекологтарына жүгіну қажет. Егер тексеру нәтижесінде сүт безі табылса, онда сізге қосымша тексеруді тағайындайды: УДЗ және маммография. Сүт безінде ісік түрлері пайда болған жағдайда, сіздің диагнозыңызды анықтау үшін және ары қарай қажетті ем жүргізу үшін дәрігер-маммологқа жолдайды.
Екінші профилактика сүт безі сырқатын ерте анықтауда және емдеу мен обыр алдында болуы тиіс, сондай-ақ әйелдердің жыныстық мүшелерінің эндокринді жүйесі мен сырқатының бұзылуы. Маммография – бұл сүт безін зерттеудің ретгендік әдісі. Маммография сүт безінің пайда болуын анықтайды (тексеру кезінде әйелдің өзімен немесе дәрігермен анықталады) және сүт безінің қатерлі мен қатерсіз ісік екендігін растайды. Маммография сондай-ақ, сүт безінің обырын ерте анықтау әдісі болып табылады, сондақтан да 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жас тобындағы әйелдердегі СБО скринигінің бастапқы әдісі болып табылады. Маммографияның көмегімен сүт безінің обырына үнемі және уақтылы зерттеу жүргізу кезінде ерте сатыда анықтауға болады. Маммография кезінде сәулелі жүктеме өкпе рентгенографиясына қарағанда анағұрлым аз (шамамен бірнеше рет). Зерттеуді үнемі жасау сүт безі обырының даму қауіпін ұлғаюға әкелмейді. Жүкті немесе бала емізу кезінде маммография жасауға тыйым салынады.
Рентгенологиялық маммографияны етеккір циклінің алғашқы кезеңінде жүргізеді. Ренгенологиялық зерттеу диаметрі кем дегенде 5 мм пайда болғанда анықтауға мүмкіндігі бар, себебі сүт безінің үлкен көлемі айрықша мәнді. Рентген суреті екі кескінде жасалады, содан соң келесіде анықталған дерттің орналасқан жерін нақты анықтайды. Артынан дәрігер-рентгенолог рентген суретін ашып көріп және өзінің қорытындысын береді.
35 жасқа дейінгі әйелдерге сүт безінің сырқатымен шағым болмаған жағдайда алдын алу мақсатпен СБ УДЗ жүргізу ұсынылады, ал 45 жастан асқан әйелдерге жылына бир рет маммографиядан өту ұсынылады!

Жоғары санатты дәрігер, хирург-онколог маммолог А.Т. Мұқажанов.

ИСТОЧНИК: ВКОЦФЗОЖ

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//