Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru

24.04.2024

Ұлт саулығы – мемлекет бәсекелестігінің кепілі

Бүгін Үкіметте «Ұлт саулығы – мемлекет бәсекелестігінің кепілі» атты брифинг өтті. Оған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак, «Әлеуметтік медициналық  сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік  қоғамының төрайымы Елена Бахмутова, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Олжас Әбішев қатысты.  

Денсаулық министрі Елжан Біртанов өз сөзінде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Халыққа Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің алдына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу, жеке медициналық ұйымдарға сақтандыру жүйесінде тең жағдай жасау, денсаулық сақтау саласын тиісті деңгейде ақпараттандыру, барлық дәрі-дәрмектерге бағаны мемлекеттік деңгейде реттеу туралы нақты тапсырма бергенін атап өтті.  

«Биыл ақпан айында медициналық қауымдастық, жұмыс берушілер мен халықтың арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының үшінші кезеңі басталды. Бұл шараны жүргізу үшін әрбір облыстарда, Алматы, Астан қалаларында әкімдер мен олардың орынбасарларының басшылығымен аймақтық штабтар жұмыс істеуде.   

«Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына Республикалық штаб құрамынының белгілі дәрігерлері, қоғамдық қайраткерлер, медициналық оқу орындарының оқытушылары, құрылымдық бөлімдердің басшылары шақырылды. Түсіндірмелік жұмыстардың бастапқы 2 кезеңінің нәтижесі бойынша 2016 жылдың 6 айында 180 мыңға жуық адам қамтылды», - деп атап өтті министр.  

Бүгінгі таңда ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес 6 Кодекс пен 16 Заңға өзгерістер енгізу қарастырылған.  

 «Заң жобасында  МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК), жарнаны төлеушілер мен төлем нысандарына байланысты өзгерістер, төлемшілердің жаңа санаттарын белгілеу, мемлекет төлем жасайтын азаматтар қатарын нақтылау, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын, және МӘМС пен ТМККК  көлеміндегі дәрілік қамтамасыз ету мәселелері ұсынылған.

Өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтар 2017 жылдың 1 қаңтарынан тұрақты түрде 5% болады. Сонымен бірге, жаңа жоба бойынша 2 төменгі жалақы көлемінде белгіленген, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басшысы Елена Бахмутова.

Сонымен қатар, тұрғындарды МӘМС жүйесімен барынша қамту мақсатында Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шыққан азаматтарға, сонымен қатар басқа да төлемшілерге (еңбекке жарамды, бірақ экономикалық белсенді емес) 2018 жылдың 1 қаңтарынан төменгі жалақы мөлшерінен  5% көлемінде белгіленген.

Заң жобасы Қорды МӘМС жүйесінде, сондай-ақ ТМККК шеңберінде бірыңғай төлеуші ретінде айқындауды ұсынады.

ҚР қолданыстағы заңнамасы шетелдіктерге қатысты ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде, білім саласында ҚР азаматтарымен тең жағдайын көздейді. Осыған байланысты және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларға ТМККК және МӘМС алуда Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтар беру ұсынылады.

Сапалы дәрілік заттар және медициналық бұйымдарды сатып алу және ақы төлеу, қамсыздандыру бойынша бірыңғай тәсілдерді енгізу мақсатында келесі ұсыныстар жасалды:

Біріншіден, сатып алу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге шығыстарға ақы төлеу бойынша құзыреттерді бөлу:

-          Жергілікті атқарушы органдардың еншісінде вакциналарды, қосымша ДЗ сатып алу және оларға ақы төлеу қалады,

-          МӘМС қоры ТМККК және МӘМС шеңберінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу және оларға ақы төлеу;

Екіншіден, ӘМСҚ үшін бірыңғай фармацевтикалық қызметтер беруші ретінде «Бірыңғай дистрибьюторды» айқындау ұсынылады.

Фармацевтикалық қызметтердің бірыңғай операторы – бірыңғай дистрибьютор болып табылатын МӘМС шеңберінде сатып алудың ұсынылатын үлгісі – амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.  

Денсаулық сақтау саласын қажетті ақпараттандырумен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық инфрақұрылым әзірленеді. Ол электронды денсаулық сақтау ресурстарында, салық органдарында, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қорғау ұйымдарының негізінде құрылмақ. Кезең-кезеңмен пациенттердің медициналық қызметкерлерге өздігінен онлайн жазылу, онлайн тәртіпте электронды денсаулық паспортында жинақталған IoT (интернет заттар)  технологиясының көмегімен пациенттерге кеңес беру мен оларды бақылау енгізілетін болады.

«Барлық дәрілік заттардың бағаларын реттеуді енгізу мәселелерін заңнамалық тұрғыда шешу мақсатында барлық дәрілік заттардың бағаларын реттеуді енгізу заңнамасына өзгертулер мен түзетулер енгізілмек. Халыққа дәрілердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы аудандарда жылдам жылжымалы дәрілік пункттер жүйесі жетілдірілмек», - деп хабарлады Елжан Біртанов.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//