Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

23.11.2024

ҚР Үкіметі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасының өзгерістерін мақұлдады

Астанада Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы мақұлданды. Оған сәйкес 6 Кодекс пен 16 Заңға өзгерістер енгізу қарастырылған.  

Заң жобасында  МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК), жарнаны төлеушілер мен төлем нысандарына байланысты өзгерістер, төлемшілердің жаңа санаттарын белгілеу, мемлекет төлем жасайтын азаматтар қатарын нақтылау, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын, және МӘМС пен ТМККК  көлеміндегі дәрілік қамтамасыз ету мәселелері ұсынылған.

Мемлекеттің МӘМС қорына төлейтін жарнасы келесі көлемде қарастырылған:

2018 жылдың 1 қаңтарынан  – мемлекеттің жарна төлеу нысанынан 3,75 %;

2019 жылдың 1 қаңтарынан  – мемлекеттің жарна төлеу нысанынан  4 %;  

2022 жылдың 1 қаңтарынан –4 пайыздан кем емес, бірақ 5 пайыздан артық емес мөлшерде белгілеу ұсынылады.

Жұмыс берушілердің МӘМС-ке жарнасын  келесі көлемде бекіту қарастырылған:

2017 жылдың 1 шілдесінен  – төлемдерді аудару нысанынан 1%;

2018 жылдың 1 қаңтарынан  – төлемдерді аудару нысанынан 1,5%;

2020 жылдың 1 қаңтарынан – төлемдерді аудару нысанынан 2%;

2022 жылдың 1 қаңтарынан – төлемдерді аудару нысанынан 3%.

Өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтар 2017 жылдың 1 қаңтарынан тұрақты түрде 5% болады. Сонымен қатар, жаңа жоба бойынша 2 төменгі жалақы көлемінде белгіленген.

Сонымен қатар, тұрғындарды МӘМС жүйесімен барынша қамту мақсатында Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шыққан азаматтарға, сонымен қатар басқа да төлемшілерге (еңбекке жарамды, бірақ экономикалық белсенді емес) 2018 жылдың 1 қаңтарынан төменгі жалақы мөлшерінен  5% көлемінде белгіленген.

Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және жүйемен толыққанды қамту қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарнама төлейтін азаматтар ауқымы кеңейді. Олардың қатарына 18 жасқа толмаған мүгедек баланың күтімімен айналысатындар, жұмыс істемейтін оралмандар, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтық алмаған азаматтар кіреді. Сонымен қатар, ішкі формамен орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, ортадан кейінгі жоғары, жоғары, жоғарыдан кейінгі білім алғандарға оқуы аяқталған  ай біткеннен кейін 3 күнтізбелік ай ішінде мемлекет жарна төлейді.

Заңға енгізілетін өзгерістер бойынша Қорға жарнама төлеушілер қатары келесі азаматтармен толықтырылып, олардың жарна көлемі мен  төлеу тәртібі бекітілген.  Бұл – ҚР «Халықты жұмыспен қамту» туралы заңымен белгіленген өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтар, экономикалық белсенді емес тұрғындар, шет елге шығып кеткен азаматтар (тұрғылықты тұратындардан басқа). Бұл азаматтар үшін жарна төменгі жалақы мөлшерінен 5 %.

Сонымен қатар, жаңа заң жобасы бойынша әскерилерге, құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне  әскери-медициналық мекемелерде мемлекет есебінен медициналық көмек көрсету тетіктерін сақтау қарастырылған.

Бұл санаттағы жасының шектеуіне қарай қызметтен кеткен зейнеткерлерге, олардың отбасы мен құқық қорғау органдарының қамқорлығындағыларға медициналық көмек әсркеи-медициналық бөлімшелер тарапынан да, Қор активі тарапынан да көрсетіледі.

Заң жобасы бойынша Қорды МӘМС жүйесімен қатар, ТМККК бойынша да біріңғай төлемші ретінде белгілеу қарастырылған.

Медициналық көмек қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шетелдіктерге де МӘМС пен ТМККК аясында Қазақстан азаматтарымен тең құқық беру қарастырылған.

Жалпы, Заң жобасы денсаулық сақтау саласының,  оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//