Бүгін ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай - МӘМС) енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы аймақтық штаб жетекшілерімен семинар-кеңес өткізді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы облыстық, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының басшылары қойған сауалдарға жауап берді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының үшінші кезеңі (әрі қарай - АТЖ) МӘМС-ті енгізу және өзге де МӘМС-ке қатысты мәселелер бойынша халықпен, кәсіпорын, ұйым, өндіріс орындары, шаруашылық ұжымдарымен, ҮЕҰ өкілдерімен жұмысты қарастырады.
Сөз басында Елжан Біртанов: «Елбасы өзінің биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында денсаулық сақтау жүйесіне Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша тапсырмалар берді. Ссонымен қатар, ҚР Үкіметі 3 ақпандағы кеңейтілген отырысында МӘМС-ті енгізу шараларына баса назар аудару қажеттілігі жөнінде нақты міндеттемелер берді. Сондықтан, ағымдағы жылы біз дайындық жұмыстарын мұқият орындауымыз керек», - деп айтты.
Сонымен бірге, кеңес қатысушыларына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасына енгізілетін негізгі түзетулер түсіндірілді. МӘМС ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының бірінші және екінші кезеңдері бойынша аймақтық штабтардың атқарған жұмыстары сараланып, аймақтардың есебі тыңдалды. АТЖ-ның үшінші кезеңін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Кездесу соңында министр: «АТЖ-ға айтулы қоғамдық қайраткерлерді, құрметті ақсақалдарды, қоғамдық пікір тудыратын азаматтарды шақыру қажет деп есептеймін. Мұндай адамдар барлық өңірлерде бар. Біз өз тарапымыздан, мен, менің орынбасарларым, құрылымдық бөлім жетекшілері аймақтарға шығуды жоспарлап отырмыз».
«Біз медициналық қызметтерді көрсетудің жалпыға ортақ қолжетімділігін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, сонымен бірге, МӘМС жүйесінде де қамтамасыз етуіміз керек», - деді Елжан Біртанов.
Көзі материалдық mz.gov.kz