Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru

29.03.2024

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша отырыс өтті. Шараға Астана, Алматы қалалары, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Денсаулық сақтау министрлігі комитеттерінің аймақтық департаменттері, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Елжан Біртанов: «Бүгін мен пациент сұранысына бағытталған қоғамдық ұйымдарды халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша ағымдағы мәселелерді талқылап, ұыныстарды ескере отырып, біздің жұмысымызды мейлінше ашық, транспорентті тәртіпте жалғастыру үшін шақырдым».

Отырыс барысында ҚР ДСМ мен Дүниежүзілік банктің «ҚР Денсаулық сақтау саласындағы институционалдық реформаларды жүргізу мен технологияларды тарату» жобасының Ұлттық үйлестірушісінің мәліметі мен 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесі бойынша Есеп комитетінің тексеру нәтижесі туралы ақпарат тыңдалды.

Отырыс барысында «Дені сау Азия» ҚҚ, «Амансаулық» ҚҚ, «AGEP'С» ҚҚ және Диабеттік бірлестігінің жетекшілері медициналық көмек көрсету мәселелерін, оның ішінде паллиативтік, онкологиялық көмек (әсіресе балаларға), гепатитпен ауырған балаларға аспапты және зертханалық зерттеулер жүргізу, жасы егде адамдарды дәрілермен қамтамасыз ету, эндокринолог дәрігерлердің жетіспеушілігі және т.б. мәселелерін талқыға салды.

Отырысты қорытындылаған Елжан Біртанов: «Қайта құрылған Денсаулық сақтау министрлігінде жаңа Қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болады. Сондықтан, денсаулық сақтау жүйесінің келелі мәселелерін талқылау мен шешу мақсатында аталған кеңестік органға мүше болу ұсынысын айтқым келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір функциялары өзін өзі реттейтін ұйымдарға берілетін болады», - деп атап айтты

«Мен денсаулық сақтау жүйесінің өзекті мәселелерін шешу үшін жүйелі шаралар қабылдаудың жоспарын әзірлеуді тапсырдым. Болашақта осындай кездесулер үнемі болып тұрады», - деп қорытындылады министр.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер