Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) енді Freedom SuperApp мобильді қосымшасында енгізілді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде сақтандырудың мәртебесін тексерудің қолжетімді тәсілдерін кеңейту және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда. Енді сіз мұны Freedom Super App мобильді қосымшасында да қарай аласыз.
Ол үшін App Store және Google Play-да қолжетімді мобильді қосымшаны орнату қажет, оған кіріп, «Мемлекеттік төлемдер» бөлімін таңдап, «МӘМС мәртебесі» кіші бөліміне өтіп, ЖСН енгізу қажет.
Соңғы 12 айдың төленбеген кезеңдері болған жағдайда осы бөлімде де МӘМС жарналарын төлеуге болады.
МӘМС мәртебесін тексеру бойынша бұл сервис бұған дейін Халық банкінің, Kaspi Bank және ЦентрКредит Банкінің мобильдік қосымшаларында іске асырылғанын, сондай ақ екінші деңгейжегі басқа банктердің мобильді қосымшаларында жүзеге асыру мәселесі пысықталуда.