https://vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1932-eaeo-elinen-kelgen-e-bek-migrantyna-sa-tandyru-m-rtebesin-alaj-alu-a-bolady#sigProIdf12a2a34a0
МӘМС туралы Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері, егер заңдарда немесе халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және міндеттерді атқарады.
Бұл ретте, бірге тұратын жұбайы (зайыбы) мен балалары еңбек мигрантының отбасы мүшелері болып табылады. Бұл тармақ ЕАЭО елдерінен (Ресей Федерациясы, Беларусь, Армения, Қырғызстан) еңбек мигранттарына қолданылады.
ЕАЭО шартының 98-бабының 3-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің және олардың отбасы мүшелерінің еңбекшілерін әлеуметтік сақтандыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарымен бірдей шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Қор еңбек мигранттары бойынша берешекті мынадай құжаттар негізінде жояды: өтініш, еңбек шартының көшірмесі, уақытша тұруға рұқсатнама (УТР) көшірмесі, онда болу мақсаты «жұмыс» көрсетіледі.
Еңбек мигрантының отбасы мүшесіне берешекті жою мынадай құжаттар керек: өтініш, неке туралы куәлік, жұбайының ебек келісім-шарты, УТР (онда еңбек мигрантының отбасы мүшелері туралы жазба болуы тиіс) ұсынылған кезде жүргізіледі.
Бұл ретте еңбек мигранты отбасының жұмыс істемейтін мүшесі МӘМС жүйесіне дербес төлеуші ретінде қатысады. Еңбек мигрантына сақтандыру мәртебесі еңбек қызметін жүзеге асырған айдан бастап жұмыс берушіден МӘМС – ке төлемдер болған кезде, еңбек мигрантының отбасы мүшесіне-дербес төлеуші ретінде төлемдер болған кезде беріледі.