Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

21.11.2024

ШҚО бас кардиологы Наталья Полторанина біздің облыста жүрек ауруының жағдайы туралы айтып берді


Наталья Андреевна, жалпы қазіргі уақытта жүрек-қан тамырлары аурулары туралы айту қаншалықты маңызды, және өңірдегі жағдай туралы тоқтала кетсеңіз?

-Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда, бүкіл әлемдегі сияқты, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Ағымдағы жылы біздің қызметіміз оң нәтижелерге қол жеткізді. Жоспарлы тексерулер мен зерттеулерді уақтылы жүргізу, науқастардың дәрілік препараттармен қамтамасыз етілуін бақылау, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кабинеттерінің жұмысының нәтижесінде бізде қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттердің анықталуы артты, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бойынша өлім-жітім төмендеді. Бүгінде бізде пациенттерге МӘМС жүйесі бойынша тексерулердің кең спектрін ұсыну мүмкіндіктері артты.

Қанша адам ос ауруға облысымызда шалдыққан? Жүрек ауруымен ауыратын облыс тұрғындары МӘМС аясында қандай көмек алатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берсеңіз?

- Өңірде диспансерлік есепте 200 мыңға жуық адам тұр. Бұл үлкен сан. 150 мыңға жуық адам гипертониямен, бес мыңға жуық адам стенокардия және жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғатын жүректің ишемиялық ауруымен ауырады. Сақтандыру қорының көмегімен пациенттер учаскелік дәрігерден білікті кеңес алуға ғана емес, сонымен қатар тар мамандардың қабылдауына кіруге, холтер-мониторинг, эхо-кардиография, эхо-кардиография, коронарография, стенттеу сияқты кеңейтілген тексеру кешенін алуға құқылы. МӘМС шеңберінде облыста қолқа клапанын ауыстыру, қайта синхрондау құрылғыларын, кардиовертер-дефибрилляторларды имплантациялау бойынша аз инвазивті операциялар қол жетімді. Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қордың есебінен қаржыландырылады.

Кардиологиялық дертке шалдықпас үшін, қай сәттен бастап денсаулыққа назар аудара бастау керек?

-Жүреке қамқорлық жасауды неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым жақсы. Гипертония - инфаркт пен инсульттің негізгі себебі. Әрбір жүрек-қан тамырлары ауруы бізге сигналдар беретінін есте ұстаған жөн, тек өз ағзаңызға көбірек көңіл бөліп, уақытында дәрігермен кеңесуге болатын ұмытпаңыз.

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//