https://vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1603-onkologiya-salasynda-y-zhasyl-d-liz-shy-ys-aza-standa-alaj-zh-zege-asuda-oblysty-k-psalaly-onkologiya-zh-ne-khirurgiya-kdb-b-limi-zhetekshisi-nar-yz-d-uletbekova-b-listi#sigProIdd77c558573
Естеріңізге сала кетейік елімізде 2022 жылдан бастап қатерлі ісіктерге күдікті пациенттерді тексеру мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін «жасыл дәліз» енгізілген болатын.
Атап айтар болсақ, бұл жаңашылдықтың басты тиімділігі — жергілікті емханаларға анамнез және сараптама алу үшін бар болғаны үш күн ғана мерзім беріледі, оған талдаулар мен рентгендік зерттеулерді жинау шаралары да кіреді. Содан кейін науқас аудандық онкологке жіберіледі, ол он күн бойы қосымша зерттеулер жүргізеді, қажет болған жағдайда, науқас КТ және МРТ-дан өтеді.
«МРТ және КТ тегін жүргізіледі, жолдаманы өз емханасынан алуы керек. Бұл зерттеулер «жасыл дәліз» аясында кезектен тыс жүргізіледі. Науқастың мұны білуі және оны талап ете алуы маңызды. Осыдан кейін облыс тұрғыны онкологиялық орталыққа жіберіледі. Онда мамандар гистологиялық сынамалар алады және т.б. тереңдетілген зерттеулер жүргізеді. 15 күннен кейін емдеу шаралары белгілі болады», — деп атап өтті осынау орайда облыстық Көпсалалы онкология және хирургия орталығының Кеңес беру және диагностикалық бөлімі жетекшісі Нарғыз Дәулетбекова.
Айта кеткен жөн онкологиялық науқастардың ем-домы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі толығымен ӘМСҚ активтері арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде аясында қамтылып келеді.