https://vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1494-ant-diabeti-turaly-5-yzy-ty-fakt#sigProIde1be71dadc
✅ Қант диабеті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, ТМККК шеңберінде және МӘМС есебінен барлық медициналық көмек көрсетілетін бекітілген әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесіне кіреді.
❗ Екі ықтимал жағдайды қарастырамыз:
👉 Науқас ҚД диагнозымен Д-есепте тұр, бірақ сақтандырылмаған. Бұл жағдайда оған барлық консультациялық-диагностикалық көмек тек оның негізгі ауруы аясында көрсетіледі. Басқа аурулар бойынша медициналық қызметтерді алу үшін оған сақтандыру мәртебесін алу қажет болады.
👉 Науқас әлі ҚД-мен Д-есепте тұрмайды, сонымен қатар оның сақтандыру мәртебесі жоқ. Бұл жағдайда ол МӘМС арқылы диагнозды нақтылау үшін қажетті тексерулерден өте алмайды. Сақтандырусыз оны Д -есепке қоя алмайды және қажетті медициналық көмек көрсетілмейді.
✅ Бүгінгі таңда қант диабеті – ҚР-дағы ең қымбат әлеуметтік маңызы бар аурулардың бірі. 2021 жылғы наурыз - 2022 жылғы наурыз аралығында ҚД диагнозы қойылған диспансерлік пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар 29,3 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 36% - ға жоғары.
☝🏽 Естеріңізге сала кетейік, инсулинге тәуелді 1 және 2 типті ҚД бар барлық пациенттер ТМККК шеңберінде жеңілдікті препараттармен және медициналық бұйымдармен, оның ішінде ⚡инсулиндермен, тест-жолақтармен,⚡ инсулин сорғыларымен қамтамасыз етілген.
✅ 2013 жылдан бастап Қазақстанда 2 типті қант диабеті енгізілген ауруларды басқару бағдарламасы іске асырылуда.
Д-есепте тұрған 391,7 мың пациенттің 239,6 мыңы АББ-ға кірді. Бұл барлық диабетиктердің 60% - дан астамын құрайды.
☝🏽 Гликирленген гемоглобиннің бақылау деңгейінің <7%-дан төмендеуіне пациенттердің 26%-дан астамы қол жеткізді.
✅ Соңғы 10 жылда елде ҚД-мен ауыратын науқастардың саны 2 есе өсті. 2022 жылғы 1 шілдеде қант диабетімен ауыратын Д-есепте тұратын адамдардың саны 439,3 мың болды.
Олардың ішінде:
⚡ 1 типті ҚД - мен-26 778 адам (21 989 ересек және 4 789 бала).
⚡ 2 типті ҚД - мен-412 549 адам (412 206 ересек және 343 бала)
✅ 2 - типті қант диабеті қалай емделеді?
⚡Диетотерапия
⚡ Дене белсенділігі
⚡ Оқып-білу және өзін-өзі бақылау
https://vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1494-ant-diabeti-turaly-5-yzy-ty-fakt#sigProId26b26cd988