https://vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1273-2022-zhyly-m-ms-ke-t-lenetin-t-lemder-alaj-zgeredi#sigProId1c3731dd1f
1 қаңтардан бастап ЕТЖ мен АЕК-тің артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді.
🆕 Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3% - ын төлейді, бірақ 10 ЕТЖ-дан немесе 18 мың теңгеден аспайды.
🆕 Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2% - ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады.
🆕 Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді.
🆕 БЖТ құрайды:
✔️ қала тұрғындары үшін-1 АЕК немесе 3 063 теңге;
✔️ ауыл тұрғындары үшін-0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.
🆕 Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 мың теңге төлейтін болады.
🆕 Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл 11 млн-нан астам адам.
Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.