https://vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1267-tama-a2uyryp-t-mau-mazalady-ma-2#sigProId4a0553f049
Бактериялық егуге жағынды - бұл аурудың көзі болып табылатын патогендік микрофлораны анықтауға мүмкіндік беретін микробиологиялық талдау. ☝️Оның көмегімен микроорганизмдердің түрі, олардың саны, препараттарға сезімталдығы анықталады (оларға қандай дәрілер әсер етеді, қайсысы әсер етпейді).
Көбінесе келесі ауруларды ұзақ және нәтижесіз емдеуде тағайындалады:
✔️тонзиллит, ларингит, фарингит, тонзиллалардың жанындағы іріңді түзілімдер;
✔️ ринит, синусит;
✔️пневмония және т. б.
❗Бұл талдау кез-келген аурудың себебін және оны қалай емдеуге болатындығын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
?ШҚ облыстық ауруханасының диагностикалық орталығында талдау бюджеттік (ОДА бағыты бойынша) және ақылы негізде жүргізіледі. ?Микроорганизмдерге талдау құны-3400 тг бастап (микробтарды және 1 анықталған микроорганизмнің препараттарға сезімталдығын айқындау). 1470 тг. - зеңдік жұқпасына бак.егу.
⚠️Анықтама үшін телефон: 25-52-51 (зертханаға қосылуды сұраңыз).