https://vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1245-arashada-d-niezh-zilik-pnevmoniyamen-k-res-k-ni-atap-tiledi#sigProId4cbe464a2f
Бұл ағымы ауыр және асқынуларға толы жұқпалы ауру болып келеді. Ауру көбінесе балалық шақта ағзаның жетілмегендігі мен иммунитеттің әлсіреуіне байланысты пайда болады деп саналады, дегенмен ересектерде де стресс пен гипотермия жағдайында, аурулардың ауыр түрінде және тіпті суықтың асқынуынан да болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда пневмония төменгі тыныс жолдарының барлық қабыну ауруларының шамамен 30%-ын құрайды. Егер дәрігердің барлық ұсыныстарын ұстанатын болсаңыз, дұрыс қойылған бактерияға қарсы терапия арқылы 2-3 апта ішінде емделуге болады. Егер емделмеген жағдайда, оның салдарын болжау мүмкін емес.
Дәрігерлер атап өткендей, бәрі жеке тұрғыда және адамның иммунитетіне байланысты болады. Алайда, статистика көрсеткендей, жыл сайын бұл ауру бес жасқа дейінгі 1,1 миллион баланың өмірін қияды. Бұл көрсеткіш СПИД-тен, безгектен және қызылшадан да көп.
Пневмонияның белгілері патогенге және науқастың жасына байланысты, бірақ тұтастай алғанда бірқатар белгілі көріністерді ажыратуға болады. Біз өз инфографикамызда барлық кезеңдерді ашып көрсеттік.