ӘЛЕМ БОЙЫНША 540 МЛН АДАМ «ҚАНТ ДИАБЕТІ» АУРУЫМЕН АУЫРАДЫ
Тек Қазақстанда осы аурумен бүгінгі таңда 382 мың науқас диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде 352 мың емделушінің 2 типті қант диабеті бар.
Әр жыл сайын 14 – қараша күні бүкіл әлем дәрігерлері халыққа аурудың алдын алу және бақылау қажеттілігін еске салады. Біз сондай-ақ қант диабетінің тегін медициналық көмек көрсету үшін бекітілген әлеуметтік маңызды ауруларға кіретінін естеріңізге салғымыз келеді.
БҰЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
❗ Егер сіз «диабет» диагнозымен Д-есепте тұратын болсаңыз, барлық қажетті медициналық көмек, оның ішінде дәрі-дәрмек көмегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, яғни ТМККК бойынша және МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан тегін көрсетіледі.
Амбулаториялық деңгейде пациенттер барлық дәрі - дәрмектерді тегін рецепт бойынша ала алады-бигуанидтерден бастап соңғы буын инсулиндеріне дейін.
☝🏽 Сондай-ақ, 1 - типті инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын 30 мың пациент мемлекет есебінен тест - жолақтармен және инсулин препараттарымен толық қамтамасыз етілгенін атап өткіміз келеді.
2012 жылдан бастап помпалық инсулинотерапияның мемлекеттік бағдарламасы жалғасуда, соның арқасында 1,1 мыңнан астам бала тегін инсулин помпаларымен және оларға жұмсалатын жылдық қормен қамтамасыз етіледі.
БАҚЫЛАНБАЙТЫН ҚАНТ ДИАБЕТІ НЕЛІКТЕН ҚАУІПТІ?
Жүрек пен қан тамырларының, бүйректің және тіпті көздің зақымдалуымен байланысты ауыр асқынулар. Қант диабеті аясында ринопатия адамды соқырлыққа әкелуі мүмкін.
Асқынулардың катализаторы көбінесе стресс, инфекциялар, иммунитетті тежейтін вирустар болып табылады.
📌 Инфографикада біз ең қауіпті 5 асқынуды келтіреміз және гипогликемиялық команы қалай тануға және оған алғашқы көмекті қалай көрсетуге болатындығын айтамыз.
Есіңізде болсын, қандағы глюкозаның жоғарылауы оның қасиеттерінің өзгеруіне ықпал етеді, мидың, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын бұзады, бүйректер мен жүйке жасушаларына әсер етеді. Сондықтан қантты тексеріп, қант диабеті болған кезде гликозилденген гемоглобинді 3 айда бір рет тапсырыңыз.
https://vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1243-ant-diabetini-e-auipti-bes-as-ynuy#sigProId3057fdf25c