https://vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1039-sh-oblysty-aurukhanasynda-insult-ortaly-y#sigProId717df4bdb3
❗ШҚ облыстық ауруханасының инсульт орталығында ми қан айналымының жіті бұзылуымен (инсультпен), перифериялық және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен емдеу (эпилепсия, БЦП, нейропатия, атеросклероз, қабыну ауруларының салдары, ОЖЖ жарақаттары және т.б.), сондай-ақ басынан өткерген аурулардан кейін қалпына келтіру терапиясы жүргізіледі. ✔️Бөлімше қозғалысы бұзылған пациенттерді ерте оңалтуды жүргізуге арналған заманауи компьютерлендірілген аппаратурасы және жабдығы бар ерте оңалту блогымен жарақталған.
☝️Дәрі-дәрмекпен емдеуден басқа, неврологиялық науқастарды емдеудің негізгі бағдарламасына физиоемшаралар, массаж, емдік дене шынықтыру, логопед және психологпен сабақтар кіреді, қажет болған жағдайда психиатрмен, сондай-ақ әртүрлі бейіндегі аралас мамандармен: эндокринологтармен, кардиологтармен, хирургтармен, ревматологтармен және басқа мамандармен консультациялар жүргізіледі.
Бөлімшеге емдеуге жатқызу шұғыл түрде де, жоспарлы түрде де емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы өтеді.
❗Пациенттің қалауы бойынша ақылы палатаға шарт негізінде емдеуге жатқызуға болады, онда оған ТМККК және МӘМС тұспалдайтын көлемнен тыс медициналық көмек көрсетілетін болады (зерттеулер, дәрілік заттар, аурулардан кейін жоғалған неврологиялық функцияларды-қозғалысты, сөйлеуді, есте сақтауды және т.б. барынша қалпына келтіруге бағытталған қосымша оңалту).
?Орталық меңгерушісі Айнабекова Елена Маратовна, 24 жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты дәрігер-невролог, ШҚО штаттан тыс бас неврологы. ?Оның басшылығымен неврологиялық патологияларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген, еліміздің, жақын және алыс шетелдердің үздік клиникаларында өз біліктілігін үнемі арттыратын тәжірибелі дәрігер-невропатологтар жұмыс істейді – Раушангуль Мамырбекова, Серикжан Бигалимов, Юрий Шаров, Аяулым Қизятова, Бакыт Ельтринова.
☑️ Елена Айнабекова диагностикалық орталықта бейсенбі және жұма күндері сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін қабылдау жүргізеді. Қабылдауға жазылу тел. 25-52-51.