Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

11.11.2024

Науқастарға арналған жадынама

ШҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында» емделіп жатқан науқасқа арналған

Жадынама

Науқасқа дәрі- дәрмек пен процедуралардың, сонымен қатар тәртібін сақтау, тыныштық пен жайбарақаттық жүйке жүйесіне және бүкіл ағзаға жайлы әсерін тигізіп , тез сауығып кетуіне әсерін тигізеді.

Сондықтан, ауруханада емделу кезінде дәрігердің нұсқаулары мен аурухана тәртібін қатаң сақтаған жөн.

Күн тәртібін сақтаңыз:

  1. Тұру (таңғы сағат 07.00- де), таңғы ас ішу, түскі ас ішу, түскі демалыс, кешкі ас ішу, ұйқыға жату (сағат 22.00-де).
  2. Таңертең және кешке тісіңізді тазалап, ас ішкен сайын ауызыңызды шайып отырыңыз. Ас ішер алдында және әжетханадан келген соң, міндетті түрде қолыңызды жуыңыз.
  3. Палатаңызда және бөлімшенің басқа да орындарында тазалықты сақтаңыз.
  4. Өзіңіздің төсек- орныңызды және төсектің жанындағы үстеліңізде тазалықты сақтаңыз; Жастық және матрац астында ештеңе сақтамаңыз.
  5. Палатадан шығар алдында міндетті түрде халат немесе пижама, шұлық және аяқ киіміңізді киіңіз.
  6. Егер Сізге серуендеуге рұқсат етілген болса, тек қана белгіленген уақытта және науқастарға арналған аумақта ғана серуендеңіз.
  7. Егер Сізге таңертеңгі гигиеналық жаттығулар белгіленсе, оған міндетті түрде барыңыз.
  8. Дәрігерлер палаталарды аралайтын, дене қызуын өлшейтін, емдік процедуралар алатын кезде және түскі демалыс кезінде науқас палатада болуға тиіс.
  9. Егер дәрігеріңіз Сізге рұқсат етсе газет және басқа да әдебиеттерді оқуға, науқастарға арналған лекциялар мен әңгімелерге қатысуыңызға болады.
  10. Дәрігердің барлық нұсқаулары мен тағайындауларын дәлме- дәл орындаңыз.
  11. Физио процедураларын қабылдау және уқалауға барған кезде ұялы телефондарыңызды өшіріп қойыңыздар.
  12. Туған-туыстарыңыз бен таныстарыңыздан дәрігер рұқсат еткен еткен тағамдарды ғана алыңыз: тағамдарыңызды тоңазытқышта полиэтилен дорбасына, шыны ыдысқа салып сақтаңыз, оған аты- жөніңізді, палата нөмірін, салған күніңізді көрсетіп жазып қойыңыз.
  13. Палатада медициналық сұрақтар бойынша түсініспеушіліктер болып жатса, емделуші дәрігеріңізден оло мәселені түсіндіріп беруін өтініңіз.
  14. Туған- туыстарыңыз бен таныстарыңызға күнделікті сағат 16.00-ден сағат 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндері сағат 10.00- ден сағат 13.00- ге дейін келуге рұқсат етіледі.
  15. 14 жасқа толмаған балаларға науқасқа кіруге рұқсат етілмейді.
  16. Бір уақытта науқас адамға тек бір-ақ адам кіре алады, өзімен бірге аяқ киім қабы, дем пердесі, қалпағы боуы тиіс.
  17. Туған- туыстарыңыз бен таныстарыңызды белгіленген уақыттан көп ұстамаңыз. ( 20 минуттан аспауға тиіс).
  18. Науқас адам оған келушілердің тәртібіне жауап береді.
  19. Емхананың дүние- мүлкіне ұқыппен қараңыз; Сіздің кесіріңізден бүлінген мүлік болса, Сіз материалды жауапты боласыз.
  20. Ақшаңыз, құнды заттарыңыз, жеке куәлігіңіз және басқа да маңызды құжаттарыңыз болса, оларды ауруханаға түскен кезде қабылдау бөлімшесіндегі мейірбикеге қолхат арқылы тапсыруыңыз қажет. Егер осы талаптарды науқас орындамаса, онда аурухананың әкімшілігі науқастың жоғалған ақшасы, құнды заттары мен құжаттары үшін жауапты болмайды.
  21. Сізге қызмет көрсететін персоналмен сыпайы болыңыз. Барлық келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктерді науқас қызмет көрсетуші персоналмен өзі шешпей, бөлімше меңгерушісіне немесе аға мейірбикеге хабарлауы тиіс.
  22. Науқас адамдар өздерінің пікрлерін, ұсыныстар кітабына жазуына немесе қабылдау бөліміндегі ақпарат жәшігіне салуына болады. Науқастардың өтініштері мен шағымдары арнайы құрыған комиссиямен қарастырылады;
  23. Жаныңыздағы науқастардың жағдайын бақылай жүріңіз, қандай да бір жағдай болса, мейірбикені немесе бөлім меңгерушісін шақырыңыз.

Ауруханада емделу барысында науқастраға төмендегілерге тыйым салынады:

  • Дәрігердің рұқсатынсыз ауруханадан кетуге;
  • Палаталарда, дәліздер мен әжетханаларда шылым шегуге;
  • Карта және басқа да құмар ойындар ойнауға;
  • Спирттік ішімдіктер ішуге;
  • Дәрет алатын және жуынатын орындарда мақта, қағаз, тағам қалдықтарын тастауға;
  • Жиһазды бұзуға және қабырғаға жазу жазуға;
  • Ашық спиральды электр жабдықтарын, су қайнатқыштарды пайдалануға.

Науқастарға арналған жадынама құрметті емделушілер!!!

Сіздің жазылып шығуыңыз ауруханада орныққан тәртіпті орындауыңызға тікелей байланысты екенін естен шығармағаныңыз жөн!

  1. Аурухананың аумағынан өз еркіңізбен шықпаңыз және басқа палаталар мен бөлімшелерге бармаңыз.
  2. Емдеуші дәрігердің рұқсатымен ғана серуендеуге барыңыз.
  3. Ауруханада темекі тартпаңыз, егер темекіні мүлдем қойсаңыз- тіпті жақсы!!!
  4. Санитарлық құрылғыны ұқыпты пайдаланыңыз (жуынатын жер, дәретхана).
  5. Палатада тазалықты сақтаңыз, төсек- орын, тумбочканы үнемі реттеп отырыңыз. Тумбочкада тез бұзылатын азық- түлікті сақтамаңыз.
  6. Дәрігердің дәріні қабылдау, тамақтану және диетаны сақтау жөніндегі кеңесін орындауыңыз керек.
  7. Ауруханадан шыққаннан соң, қайталап ауырып қалмау үшін, дәрігердің берген кеңесін қатаң сақтаңыз.
  8. Сіз бен біз бірігіп ауруды (дертті) жеңеміз деп сенеміз.

Әкімшілік

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//