Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

21.11.2024

Энтеровирусты инфекциялар (эви)

Энтеровирусты инфекциялар (ЭВИ) – энтеровирустар тудыратын жіті аурулардың тобы,  ауыр емес қызба жағдайлардан ауыр менингиттерге дейін көптеген клиникалық көріністерімен сипатталады.

Энтеровирустар сыртқы ортада орнықты және ұзақ уақыт бассейндерде, ағын суда, ашық суда, тұрмыс заттарында, азық-түліктерде (сүт, жеміс, көкөніс) сақталады. Жылытқан, қайнатқан кезде вирус жылдам өледі.

ЭВИ аурудың тез таралуымен сипатталады.

Инфекция  берілуінің ықтимал жолдары: ауа-тамшы, қарым-қатынас-тұрмыстық, тамақпен, сумен.

Серозды вирусты менингит энтеровирусты инфекцияның аса типті және ауыр түрі болып табылады.

Инфекция  көздері аурулар мен вирус тасымалдаушылар, оның ішінде симптомсыз түрімен ауыратын аурулар болып табылады.

Ауру жіті басталады, дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Бас қатты ауырып, айналады, адам құсады, кейде іші, арқасы ауырады, құрысқақ синдромы болады, ауыз-жұтқыншақ, жоғарғы тыныс жолдары жағынан катаральдық белгілері жиі білінеді. Осындай шағымдар пайда болған кезде ауырып қалған адамды шұғыл оңашалау керек, өйткені ол айналасындағы адамдарға жұқтыру көзі болып табылады, содан кейін дәрігерге жүгіну қажет.

Инфекция  берілуінің ықтимал жолдарын есепке ала отырып, жеке алдын алудың іс-шаралары жеке гигиена ережелерін, ішу режимін (қайнатылған су) сақтап, көкөніс-жемістерді мұқият жуып және қайнатылған сумен шаю қажет.

Бұқаралық іс-шараларға, көптеген адамдар болған жерлерге бармауға және (қоғамдық көлік, кинотеатрлар және т.б.) үй-жайларды желдету, күніне 2 рет ылғалы жинастыру жүргізуге ұсынылады.

Аурудың әрбір көріністері болған жағдайда баланы еш уақытта ұйымдастырылған балалар ұжымына апаруға болмайды (мектепке, бала-бақшаға). Аурудың бірінші белгілерінде тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет, өз бетінше емделуге болмайды!

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//