Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

03.12.2024

Бактериологиялық зерттеуге дайындалу жөніндегі ережелер

Зертхана жұмысындағы зерттеулердің сапасы негізгі басымдылығы болып табылады. Осымен байланысты зерттеуге жататын материалды жинаған және тасымалдаған кезде анықталған ережелерді сақтауға талап етеміз.

Зерттеуге дұрыс дайындық жасау нәтижелердің анық болу үшін кепілі болып табылады. Бактериологиялық зерттеуге дайындалу кезінде ең бірінші кезекте жүйелік немесе жергілікті әсеріндегі микробтарға қарсы барлық заттарды ішпеу. Зерттеліп-қаралатын адамға зерттеудің алдында диетаны бұзуға, спирттік ішімдіктерді ішуге болмайды және т.б.

Жараның шығындысын зерттеген жағдайда жарадан материалды таңу алдында алынады.

Жұтқыншақтан жағындыны зерттегенде материал тамақ ішер алдында алынады, пациентке тіс тазалауға болмайды.

Көздің кілегей қабығынан жағынды алғанда алдын ала санитариялық өндеу жасалмайды (жуыну), талдау тапсырған күні таңертен көзге тамшы тамызуға болмайды.

Нәжісті дисбактериозға зерттеу алдында зерттеліп-қаралатын адам бір ай бойынша антибиотиктерді және про- мен эубиотиктерді ішуге болмайды. Ішектік дисбактериозға зерттегенде нәжіс арнайы дайындалған зарарсыздандырылған ыдысқа 1 грамм мөлшерінде салынады. Зертханаға материал 2 сағаттан кешіктірмей температуралық режимі сақталып тасымалданады.

Несеп таңертен зарарсыздандырылған ыдысқа жиналады, аурудың ерте кезеңінде, микробтарға қарсы препараттарын ішу алдында немесе оны ішкен арасындағы үзілісте тапсырғаны жақсы болар еді. Зерттеу нәтижелері нақтылығының маңызды шарты – несептің алынған үлгісінің қосымша ластануының ең жоғары ықтимал төмендеуі. Көбінесінде несеп өздігінен шығуы кезінде жиналады. Несеп жиналған ыдыс зарарсыздандырылған қакпақпен жабылып, оны қатудан және қызып кетуден сақтап, жиналғаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей жолдамамен бірге зертханаға жеткізіледі.

Қақырықты таңертең жинауға қажет, бактерияларға қарсы препараттарды тағайындағанға дейін немесе оларды ішкен арасындағы үзілісте. Этиологиялық агенті туралы нақты нәтижелерін алудың маңызды шарттарының бірі – жұтқыншақ пен ауыз қуысының микрофлорасымен қақырықтың контаминациясын ең жоғары ықтимал төмендету. Осы мақсатпен ауыз бен жұтқыншақты бірнеше рет суып қалған қайнатылған сумен шаяды. Содан кейін қақырықты зарарсыздандырылған шыны құтына (зарарсыздандырылған контейнерге) жөткірінеді (қақырынбайды) және зарарсыздандырылған қақпақпен жабады. Барлық жағдайларда материалды зертханаға шұғыл жеткізіліп зерттеленеді.

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//