Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 20-52-05,
8701-056-98-89, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

03.05.2025

Сұрақ-жауап

Сұрақ қойған: Аида 2017 жылғы 14 қараша, 17:20;

Сəлеметсіздер ме? Бас травматолог Карасевтың ақылы қабылдауы кай күндері?

Сәлеметсізбе, Аида! Карасев С.П. сейсенбі күндері қабылдайды. 25-14-52 телефон арқылы жазылуға болады.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Заманбек 2017 жылғы 15 ақпан, 15:50;

Салеметсизбе. Мен Аягоз каласында турамын маган УЗИ сердца сосын консультация эндокринологка жазылдым эхокг жазылу керекпа мен направлениямен жиберип тур?

Сәлеметсізбе, Заманбек! ЭХОКГ-ға жазылу ұшін Саll-центрге хабарласыныз. Тел-701-131.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Акерке 2017 жылғы 13 ақпан, 13:44;

Сәлеметсіздер ме? алдыңғы жіберген смс ке жауап бергендеріңіз үшін алғыс айтамын. Алайда мен бүгінгі приемга улгере алмай қалдым. Прем таңертең болып кетіпті. Сіздерден сұрайын дегенім Амренова Д.М. дәрігермен басқа қалай жолықсам болады? Мен операция жайлы кеше ғана естідім.

Амренова Д.М. жұмыс күндері ШҚ облыстық ауруханада, қабылдау бөлмесінде сағ. 8.30-дан 9.00-дейін қабылдайды.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Акерке 2017 жылғы 12 ақпан, 11:58;

Сәлеметсіздер ме? Сіздерге 20-23 ақпан аралығында Россиядан врачтар келіп лор отделениеде операция жасайды деп естідім. Мен бала кезден нашар естимін. Екі құлағым да. Маган да операцияға мүмкіндік бар ма, ол үшін кайда баруым керек, кандай кұжат керек толық жауап берсеңіздер! Алдын ала рахмет! Тек тез жауап берсеңіздер екен.

Сәлеметсізбе, Ақерке! Ота жасау мәселесін шешу үшін Сізге бас ЛОР-дәрігер Амренова Дина Максатовнаның кеңесі керек. Ол дүйсенбі күні Диагностикалық орталықта сағ.14.00-ден ақылы тұрде қабылдау жүргізеді. Ақылы тіркеу орынының тел: 25-14-52.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Анна 2016 жылғы 10 қараша, 11:58;

Сәлеметсіз бе, мен жатыр артерияларына эмболизациялау жасатқым келеді.

Сәлеметсіз бе, Анна! Бұл қызмет жоғары мамандандырылған медициналық көмекке жатады, сондықтан Сізге гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Н.М. Удаловадан кеңес алуыңызға қажет. Ол әр сейсенбі күндерінде сағ. 14.00 бастап ақылы қабылдау жүргізеді. 25-14-52 телефон арқылы алдын ала жазылуыңыз қажет.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Анна 2016 жылғы 10 қараша, 10:58;

Сәлеметсіз бе, қазір менискінің артроскопиясы қанша тұрады? Оны қай дәрігер жасайды?

Сәлеметсіз бе, Анна! Менискінің артроскопиясы 112 320 теңге тұрады (оның ішінде операцияның құны+төсек-күндері+наркоз). Артроскопия Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде жасалады. Дәрігердің жолдамасын, талдауларын бірге алып облыстық ауруханасының анықтама бюросына жұмыс күндерінде сағ. 11.00-де баруға қажет (сенбі, жексенбі күндерінен басқа).
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Болде Ирина 2016 жылғы 8 қараша, 9:57;

Сәлеметсіз бе! Менің анам Чанова Вера Михайловна 24.02.1951 ж.т., Көкпекті ауданы, Самар ауылының тұрғыны - 2016 жылғы 10 қарашаға сүт бездеріне УДЗ жасатуға жазып бере аласыз ба?

Қайырлы күн, Ирина! Бейсенбі күніне УДЗ жазылуға орын жоқ, Сіздің анаңызды 2016 жылғы 15 қарашаға жазып қойдық. Сол күні 521 кабинетке сағ. 14.00 келсін. Өзіңмен бірге сүлгі мен ААЖ-емхана порталы арқылы дәрігердің жолдамасын әкелсін.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Айжан 2016 жылғы 7 қараша, 16:20;

Қайырлы күн! Сіздерде убестизин мен мепивастезинге аллергиялық сынама жасала ма? Бағасы қандай?

Қайырлы күн, Айжан! Лейкопениялық тесті 2 препаратқа 1250 теңге тұрады. Талдау таңертең аш қарынға сағ.07.00-ден – 11.00-ге дейін тапсырылады. Жолдамамен 116 кабинетке баруыңыз қажет.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Меруерт 2016 жылғы 5 қараша, 10:35;

Сіздерде ақылы негізінде несеп себіндісін тапсыра алам ба? Нешінші кабинетте тапсырамын, бағасы қандай және талдау қорытындысын қашан алуға болады?

Сәлеметсіз бе, Меруерт! Несептің бактериологиялық себіндісі 2200 теңге тұрады. Талдауды жұмыс күндері сағ. 08.00-ден 11.00-ге дейін бакзертханаға тапсыруға болады (301 каб). Талдау 3 күннен кейін дайын болады.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Света 2016 жылғы 4 қараша, 18:30;

15 жастағы қыз баланың көру жүйкесінің жартылай семуі. Сіздерде емдеу жүргізіле ме? Бұрын Ана мен бала орталығында қаралған.

Қайырлы күн! Осы диагнозы бойынша облыстық аурухананың офтальмология бөлімшесінің күндізгі стационарында емделуге болады. Сондықтан, өзіңіздің отбасылық амбулаторияңыздан жолдама алып офтальмолог кеңесіне тіркеу орны арқылы жазылып баруға болады. Тіркеу орнының телефондары: 25-84-89, 25-99-41,25-79-26.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Светлана 2016 жылғы 4 қараша, 15:06;

Қайырлы күн! Н.М. Удалованың қабылдауына қалай баруға болады?

Қайырлы күн, Светлана! Дәрігер Н.М. Удалова ақылы негізінде қабылдайды. Мына телефон арқылы 25-14-52 қабылдау күндерін және уақытын білуге болады.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Гульмира 2016 жылғы 2 қараша, 15:38;

Мен Семей қаласынан. Мекен жайыңызды жазып беріңізші, қалай табуға болады? Рахмет!

Сәлеметсіз бе, Гульмира! Біздің мекен жайымыз: Әуезов даңғ., 26, Диагностикалық орталығы, тіркеу орнының телефоны:25-84-89, 25-99-41.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Гульмира 2016 жылғы 2 қараша, 14:08;

Сіздерде бауырдың фиброэластометриясын жасай ма? Бағасы қандай? Мен Семей қаласынан.

Сәлеметсіз бе, Гульмира! Бізде бауырдың фиброэластометриясы жасалады. Тегін өту үшін Сізге ААЖ-емхана порталы арқылы отбасылық дәрігеріңізден жолдаманы алып мына телефон бойынша 25-84-89 немесе 25-99-41 жазылуға қажет. Егер жолдамаңыз болмаған жағдайда бұл қызмет ақылы түрінде көрсетіледі, бағасы- 6635 теңге, жазылуға қажет емес. Дәрігер дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндерінде сағ. 16.00-ден бастап жұмыс істейді.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Ильяс 2016 жылғы 1 қараша, 12:55;

Сәлеметсіз бе, Сіздерде «Стоматология» мамандығы бойынша тесті тапсыра алам ба? Маған өз дипломымды ауыстырып, жұмысқа рұқсат алуға қажет!

Сәлеметсіз бе, Ильяс! Сізге Диагностикалық орталыққа, 7 кабинетке жүгінуге қажет (Білім мен дағдыларын бағалау Республикалық орталығы).
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Наталья 2016 жылғы 1 қараша, 11:06;

Қайырлы күн! Ақылы қабылдауға жазылу үшін тіркеу орнының телефонын айтып беріңізші.

Сәлеметсіз бе, Наталья! Ақылы тіркеу орнының телефоны: 25-14-52
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Наталья 2016 жылғы 31 қазан, 20:27;

Сәлеметсіз бе! Дәрігер Удалова қай уақытта қабылдайды және қабылдауына қалай жазылу керек? Рахмет.

Қайырлы күн, Наталья! Дәрігер Н.М. Удалова ақылы негізінде қабылдайды. Мына телефон арқылы 25-14-52 қабылдау күндерін және уақытын білуге болады.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Василий 2016 жылғы 31 қазан, 0:34;

Сәлеметсіз бе! Окулист-дәрігері птеригиум деген диагнозын қойды, Сіздердің клиникаларыңызда осы қабықшаны алып тастау бойынша оталар жасала ма? Ақпаратты қайдан алуға болады?

Сәлеметсіз бе, Василий! Птеригиумды алып тастау бойынша оталар облыстық ауруханасының офтальмология бөлімшесінде күндізгі стационарында жасалады. Кезегіңізді және емделуге жату күнін мына телефон арқылы 26-73-08 немесе Протозанов көш., 7 мекен жайы бойынша сағат 08.00-ден 15.00-ге дейін офтальмология бөлімшесінде анықтауыңызға болады. Емделуге жатқанға дейін 1 апта бұрын мына талдауларды тапсыруға қажет: Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, микрореакция, ЭКГ, қанның глюкозасы, өкпенің, Ф-графиясы, көздің кілегей қабығынан алынған жағындысы, терапевт-дәрігердің кеңесі.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Бойко Валентина 2016 жылғы 24 қазан, 13:05;

Мен Шемонаиха ауылынан. Маған пульмонолог-дәрігердің кеңесі қажет. Қалай жазылуға болады және қандай құжаттар керек?

Сәлеметсіз бе, Валентина! Пульмонолог-дәрігерге Сіз өзіңіздің учаскелік дәрігеріңіз арқылы ААЖ-емхана порталында немесе 25-79-26 телефон арқылы жазыла аласыз. Қабылдауға келгенде ААЖ-емхана порталы арқылы учаскелік дәрігерден алынған жолдамаңыз болу қажет.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Назерке 2016 жылғы 21 қазан, 10:55;

Сәлеметсіз бе! Сіздерде статистик-дәрігердің, эпидемиолог-дәрігердің бос орны бар ма?

Сәлеметсіз бе, Назерке! Біздің ауруханада статистик-дәрігердің, эпидемиолог-дәрігердің бос орны жоқ.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Светлана2016 жылғы 20 қазан, 11:31;

Сәлеметсіз бе! Дәрігер С.Р. Джабықпаев қабылдай ма? Егер қабылдаса, қай уақытта және қайда қабылдайды?

Сәлеметсіз бе, Светлана! Дәрігер С.Р. Джабыкпаев облыстық ауруханасының стационарында жұмыс істейді және пациенттерді қабылдамайды.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Татьяна 2016 жылғы 15 қазанда, 22:32;

Сәлеметсіз бе! Бас невролог Елена Маратовна Айнабековаға қалай жазылуға болады? Қай уақытта қабылдайды?

Сәлеметсіз бе, Татьяна! Дәрігер Е.М. Айнабекова ақылы негізінде әр бейсенбі күндерінде сағ. 14.00-ден бастап қабылдайды. Қабылдау құны 1400 теңге. Мына телефон бойынша анықтама алуыңызға болады: 25-14-52.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Татьяна 2016 жылғы 15 қазанда, 20:16;

Жас азамат, диагнозы – оң атабез қосалқысының жылауығы, операция жасауға ұсынған. Қысқа мерзімде жылауықты алып тастау үшін сіздердің бөлімшелеріңізге жүгінуге бола ма? Қалай істеуге болады?

Сәлеметсіз бе, Татьяна! Азаматқа Диагностикалық орталығының амбулаториялық хирургия орталығына жүгінуге болады. Осындай операцияның құны 10-12 мың теңге. Өзімен бірге дәрігердің жолдамасы, талдаулар болу қажет (Қанның жалпы талдауы, коагулограмма, микрореакция, флюорограмма).
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Полина 2016 жылғы 12 қазанда, 17:28;

Сәлеметсіз бе! Жемсауды алып тастау бойынша операцияға квота алу үшін әрекет тәртібін айтып беріңізші (анам 49 жаста). (қайда жүгінуге болады, қандай құжаттар/талдаулар және т.б. қажет ). Алдын ала алғысымды білдіремін.

Сәлеметсіз бе, Полина! Сізге учаскелік дәрігердің жолдамасымен Диагностикалық орталығына торакалдық хирургтың қабылдауына баруға қажет (ААЖ-емхана порталы арқылы). Қабылдауға мына телефондар арқылы жазылуға болады: 25-84-89, 25-99-41,25-79-26.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Алтынай 2016 жылғы 12 қазанда, 16:04;

Сәлеметсіз бе! Құрсақ қуысының жарығына операциясы қанша тұрады? Лазерлік және қуысішілік? Жауабыңызға алдын ала алғысымды білдіремін.

Сәлеметсіз бе, Алтынай! Облыстық аурухана кассасының телефоны: 26-28-01 қосу 12-04.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Евгения 2016 жылғы 5 қазанда, 22:26;

Ангиохирург-дәрігердің қабылдауына қалай баруға болады?

Сәлеметсіз бе, Евгения! Ангиохирург –дәрігердің қабылдауына ақылы және тегін (ААЖ арқылы учаскелік дәрігердің жолдамасымен) негізінде баруға болады. Тіркеу орнының телефоны: 25-14-52 (ақылы тіркеу орны), 25-84-89, 25-99-41, 25-79-26 .
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Юлия 2016 жылғы 5 қазанда 11:24;

Сәлеметсіз бе! Ультравис пен Омнипак қарама-қарсы заттарға лейкопениялық тесті нешінші кабинетте жасайтының анықтауға бола ма? (жолдамада маған 114 каб. жазып берген). Ақшаны талдауды тапсырмай тұрып немесе тапсырғаннан кейін төлеу керек пе? (егер тапсыру алдында төлеу керек болса касса нешеден жұмыс істейді? ). Рахмет!

Қайырлы күн, Юлия! Ең бірінші Сіз 116 каб. тіркелесіз, сонан соң 118 каб. (касса) ақша төлейсіз, содан кейін 114 кабинетте талдау тапсырасыз. Касса сағ. 07.00-ден жұмыс істейді.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Сұрақ қойған: Ирина 2016 жылғы 4 қазанда, 21:25;

Кеш жарық, мені дәрігер сіздердің клиникаларыңызға жіберді, тұра айталмаймын не үшін, бірақ та екі сөзде айтып берейін: түтіктерім бітеліп қалған, сондықтан маған бір нәрсе жасау керек, ол тек ғана сіздерде жасалады. Бейсенбі күні барам дегем, сондықтан бағасын біліп алайын деп жазып отырмын, қағазда лейкотенич тест омининак ультровист деп жазылған.

Қайырлы күн, Ирина! 2 препаратқа лейкопениялық тесті 1250 теңге тұрады. Талдау таңертең аш қарынға тапсырылады сағ. 08.00-11.00-ге дейін. Жолдамамен 116 кабинетке бару керек.
Құрметпен, Диагностикалық орталығының тіркеу орны.

 

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы:
Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 20-52-05

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//