Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru

20.04.2024

ДСМ-де медициналық қызметкерлердің жауапкершілігі туралы заңнама нормаларын гуманизациялау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаеваның төрағалығымен медициналық қызметкерлердің жауапкершілігімен байланысты заңнама нормаларын декриминализациялау (гуманизациялау) мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Әділет министрлігі Заңнама институтының және Денсаулық сақтаудың ұлттық палатасының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 26 наурыздағы медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін жүзеге асырған кезде, жауапкершілігін жеңілдететін заңнама нормаларын гуманизациялау бойынша тапсырмасын орындау.

Дөңгелек үстелдің отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулыққа зиян келтіргені үшін медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін жеңілдететін өзгерістерді қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға енгізу бойынша, сонымен қатар «медициналық қате» және «немқұрайлық» түсініктерін ажырату бойынша ұсыныстары талқыланды.  

Сонымен бірге вице-министр қатысушыларды заңнамаға медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін енгізу бөлігінде енгізілетін өзгерістер туралы мәлімдеді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне Денсаулық сақтаудың ұлттық палатасымен бірлесіп тәуелсіз сарапшылардың қызметін жетілдіру мәселесін және ҚР Ішкі істер, Әділет министрліктерінің ұсыныстарын назарға алып, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға ұсыныстарды пысықтау туралы шешім қабылданды.

Ұсынылған «Қазақстан Республикасында медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы Тұжырымдамасының жобасы ҚР ДСМ сайтында талқылау үшін орналастырылады. Ұсыныстарды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына жіберуге болады.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//