Елжан Біртанов: МӘМС жүйесінің негізгі мақсаты – еліміздің денсаулық сақтау саласын жетілдіру

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмыс барысында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде медициналық қауымдастықпен кездесу өткізді. Бұл басқосуға 600 медициналық ұйым жетекшілері, клиника бөлімдерінің меңгерушілері, әкімшілік, кәсіподақ комитеті өкілдері, кәсіби қауымдастық, ҒӨК, денсаулық сақтау саласы ардагерлері және профессорлық-оқытушылық ұжым қатысты.

«Қазіргі кезде ең маңызды мәселе – халыққа елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мақсатын, ең алдымен медициналық сақтандыруды енгізу туралы түсіндіру. Бұл реформаның негізгі мақсаты – қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ететін қаржыландырудың жаңа үлгісіне көшу», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшысы өңірлік қауымдастық алдында сөйлеген сөзінде.

Министр емханалардағы кезек күту мәселесіне, мемлекеттік сектордағы бейін бейінді маман тапшылығына, дәрімен қамтамасыз етудің қолжетімділігіне жеке тоқталды.

Оның айтуынша, медициналық көмек мекемелерінің қолданыстағы үлгісі және медициналық қызмет көрсету мен емханалар халықтың көңілінен шықпайды. 

 Ведомоство басшысы медициналық көмектің сапасын жетілдіру туралы айта келіп, бас дәрігерлердің жауапкершілігі мен басқару дағдысына көңіл бөлді, сондай-ақ бюджетті жүйелі жұмсайтын, жоғарғы санаттағы мамандарды тарта алатын лайықты аурухана менеджменті туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды тексерулермен алаңдатпау үшін, қаражатты басқаруға, жалақы көлеміне, штаттық ережеге байланысты, және т.б. талаптарын өзгерткісі келетінін айтты.

«МӘМС жүйесінің негізгі мақсаты – еліміздің денсаулық сақтау саласын жетілдіру. Медициналық сақтандыруға барша халық тартылуы қажет. Біз медициналық сақтандырудың ең үздік халықаралық үлгісін қабылдаймыз», –  деді Елжан Біртанов.

Ведомоство басшысы реформалаудың негізгі мәселелерінің бірі – дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру екендігін сөз етті. «Амбулаторлық деңгейдегі медициналық көмек азаматтар үшін қолжетімсіз болуы мүмкін, дәрігерден кеңес алып қана қоймай, азаматтың берілген дәрілерді қабылдауға мүмкіндігі болуы керек. Бүгінде біз белгіленген бағамен сатып алған дәрілер дәріханаларда анағұрлым қымбат бағаға сатылатын жағдайларды бақылаудамыз. Бұрын біз фармацевтикалық компаниялар өнімдерінің нарықтық бағасын қадағалаған жоқпыз, бұдан кейін солай жасау керек болып тұр», - деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар министр денсаулық сақтаудың басты бағыттарының бірі аурудың алдын алу екендігін ескертті. Азаматтар мен медицина қызметкерлерін салауатты өмір салтын құрып, аурудың алдын алуға бейімдеп жатқанда, қаржының басым бөлігі кең таралған аурулармен күресуге жұмсалуда.

 «Біз халыққа реформалардың реформа үшін емес, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі тұрғысынан туындаған күрделі мәселелерді шешу үшін жасалатындығын түсіндіруіміз қажет. Бұл – медициналық сақтандырудың бүкіл әлемге ортақ принциптері, әр азамат МӘМС жүйесіне қатысуға міндетті, табысы мен төлемінен тыс, сақтандырылған барлық азаматтарға тең дәрежеде медициналық көмек пакеті қолжетімді болады», – деді еліміздің бас дәрігері әріптестерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмыс барысында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің студенттерімен кездесіп, шағын лекцияда Қазақстанда өткізілген реформалардың мақсат, міндеттері және әлемдік медицинадағы ғаламдық трендтер туралы сөз қозғады.

Ол студенттерге халықаралық деңгейде құрылысы өзгерген аурудың ғаламдық шығынға себеп болатыны анық байқалғанын айтып,  2030 жылға қарай эпидемиялық деңгейге жетуі мүмкін жүрек-қан тамырлары ауруларын көрсетті. Бұл медициналық көмек көрсетудің, жоғары технологиялық құрылғылардың және ақпараттық жүйені қоса алғанда, болжамды шығын көлемінің ұлғаюына өз әсерін тигізеді.  Қазақстан аталған шығындардың өсу қарқынына төтеп беріп, нәтижесінде әсіресе күрделі ауруларды емдеу кезінде көрсетілетін сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ете ала ма?

Елжан Біртанов өз сөзінде біздің медицина шығындарын қайта қарайтын және негізгі қаражатты салауатты өмір салты индустриясына жұмсайтын уақыт келгендігі туралы пікірімен бөлісті.

«Сіздер мен біздің басты міндетіміз – аз шығын көмегімен денсаулық сақтау саласында жаңа тиімді жүйе құрып, үлкен нәтижеге жету. Демек, адамдар аз ауыратындай жағдай жасап, аурудың алдын алу шараларына көп көңіл бөлу қажет. Сондықтан реформа негіздемесіне сәйкес аурудың алдан алу шаралары, халықтың денсаулығын нығайтуда институционалдық негіз болатын Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру», - деді министр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшысы студенттерді қоғамдық денсаулық сақтау индустриясында білікті маман болуға, корпоративтік басқарманы енгізу бағытына өз орындарын тауып, ғылыми еңбекпен айналысуға, санитарлық ережелер әзірлеуге, дұрыс тамақтануға, салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды.

Болашақ дәрігерлерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылығы жөнінде сөз қозғап, Елжан Біртанов бұл жаңалық қосымша қаражатпен қамтамасыз етіп қана қоймай,  медициналық қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекелестік, медицина қызметкерлерінің талабы денсаулық сақтау саласы үшін тиімділік деңгейін арттыратынын атап айтты.

Қорытынды сөзінде ведомоство басшысы студенттерге оқуда сәттілік тілеп, еліміздің денсаулық сақтау саласына өз үлестерін қосуға тілек білдірді. 

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Довольны ли вы качеством обслуживания?
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
Total Votes:
First Vote:
Last Vote:

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7,(7232)
26-28-01, 24-99-90

Консультативтік-диагностикалық орталығы:

Әуезов даңғ., 26, (7232) 25-52-51

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер