Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru

23.04.2024

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік науқанының аясында жүргізілген сауалнама қорытындыланды

Ағымдағы жылдың басынан бастап еліміздегі медициналық қауымдастық ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» атты әлеуметтік науқан ұйымдастырған болатын. Шара барысында 800-ден астам азаматтар мен ұжымдардың атынан денсаулық сақтау саласын одан әрі жетілдіру туралы 2094 ұсыныс келіп түсті.

Бұл ұсыныстар орындалу мерзіміне қарай жоғары (қысқа мерзімді), орташа (орта мерзімді) және ұзақ (ұзақ мерзімді) деп 3 топқа бөлінді. Бірінші топқа келіп түскен сауалдардың көпшілігі медициналық қызмет, пациенттердің құқығы, емдеу тактикасы туралы ақпараттың жеткіліксіздігінен туындаған. Мұндай ұсыныстар жергілікті жерлерде ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізу немесе медициналық мекемелердің  сall-орталықтары арқылы түсініктеме беру арқылы жүргізілетін болады.  

ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы (әрі қарай - ДСДРО) орта мерзімді және ұзақ мерзімді ұсыныстар бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына жіберді.

Сауалнамада ел тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Азаматтардан барлығы 500-ден аса өтініш келіп түсті. Сонымен қатар, медициналық мекемелердің қызметкерлерінен, заңды тұлғалардан да ұсыныстар болды. Медициналық қауымдастық өкілдерінің саланы жетілдіру туралы құнды ұсыныстары Іс-шаралар жоспарына енгізілді.    

Науқан медициналық қызмет сапасын жақсарту; медициналық қызметкерлердің мәртебесін  арттыру мен олардың құқын қорғау; жұмыс үдерісін автоматтандыру мен ақпараттандыру; электрондық карталар, диагностиканың жаңа әдістерін енгізу сынды өткір мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.

«Кейбір ұсыныстар стратегиялық мазмұнда емес, нақты медициналық мекеменің жұмысын әрі қарай жақсартуға бағытталған»,-деп атап өтті Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының қызметін атқарушы Айнұр Айыпханова.

Ұсыныстарды сараптау қорытындысы бойынша ең өзекті 100 мәселе анықталып, оларды шешу жоспары ДСДРО сайтында (www.rcrz.kz) http://www.rcrz.kz/docs/100.pdf  сілтемесі бойынша жарияланды.

«100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік науқанының аясында халықпен және медициналық қауымдастықпен кері байланыс орнатуға мүмкіндік туды. Қазіргі таңда ДСДРО Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасы арқылы тұрақты жұмыс істейтін кері байланыс арнасын орнату мүмкіндігі қарастырылуда. Алайда, жеке жағдайларға қатысты медициналық ұйымдардың сall-орталықтарына хабарласқан дұрыс», -деді Айнур Айыпханова.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//