Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандербек Бекшиннің Қазақстан Республикасының аумағында «Сайвилен» тағамға биологиялық активті қоспасын (бұдан әрі - БАҚ) әкелуге, қолдануға және өткізуге тыйым салу туралы 2017 жылғы 12 мамырдағы № 1-ГПВр қаулысы шықты, сонымен бірге «Сайвилен» БАҚ-ның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерін кері қайтарып алу туралы» 2017 жылғы 12 мамырдағы № 27-ОД бұйрықтың негізінде жоғарыда аталған БАҚ-тың мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін кері қайтарып алынды және күші жойылды.
Сонымен, өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті екі өндіруші «Сайга - БИО» ЖШС мен «Даригер 2» ЖШС-ның өнімді кейіннен «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» 022/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына (бұдан әрі – КО ТР) сәйкестігіне сараптау арқылы «Сайвилен» БАҚ-ын бақылаулық сатып алу жүргізген.
ҚО ТР талаптарына сәйкестігіне сараптама нәтижелері бойынша таңбалауда көрсетілген дайындаушы туралы ақпарат расталмаған. Тексеру кезінде осы мекенжайда өндіріс жоқ, іс жүзінде иесіз тұрғын құрылысы орналасқан.
Бұдан басқа, БАҚ өндірісінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 969 қаулысымен тыйым салынған киіктің мүйіздерінен алынатын сығынды түріндегі ингредиент пайдаланылады.
Бұл ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға бағытталған.
Көзі материалдық mz.gov.kz