Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru

26.04.2024

Парламентте Қазақстанда тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жағдайы ...

Парламентте Қазақстанда тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жағдайы мен перспективалары және фармацевтикалық саланың даму мәселелері тыңдалды.

Бүгін Мәжілісте тұрғындарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету,  республикада фармацевтикалық саланың жағдайы мен даму мәселелері тыңдалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында  денсаулық сақтау жүйесі алдында барлық дәрілік заттардың бағаларын заңды түрде реттеу  бойынша тапсырма бергенін, сондай-ақ, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасына сәйкес, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді кезең-кезеңмен кеңейту жолымен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша пәрменді шаралар қабылдау қарастырылғанын атап өтті.

«Осы тұрғыдан, біз Австрия, Бельгия, Финляндия, Испания, Швеция, Дания, Италия, Греция, Ирландия, Голландия, Норвегия сияқты елдердің баға белгілеу жүйесін талдап, 4 негізгі жүйе  белгіледік. Әр елде бір препараттың бағасын салыстыруға негізделген сыртқы референттік баға белгілеу ең таралған жүйе болып табылады. Осыны ескеріп, біз 4 негізгі мақсат белгіледік, олар дәрі-дәрмектің экономикалық қолжетімділігі; олардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімді қолдануын қамтамасыз ету, жоспарлау, сатып алу жүйесін, логистиканы жетілдіру», - деді Министр.

 Ол дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіндегі барлық проблемалы мәселелерді 5 негізгі топқа бөлінгенін жеткізді. Олар – дәрілердің қымбаттылығына байланысты экономикалық қолжетімділік; дәрілердің сапасы, нарықта контрабанданың және жасанды дәрілердің  болуы; тиімді қолдану, фармацевтикалық компаниялардың дәрілерді этикаға жат әдістермен сатуы; дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде оларды босату және сақтауға қатысты мемлекеттік жүйе, сондай-ақ, отандық өндірушіні қолдау.

Елжан Біртанов әр мақсатқа тоқтай келе, Министрлік өндірушілердің бағасын тіркеу жүйесі енгізетінін атап өтті. Бірақ, барлық дәрілік заттарға шекті баға белгілеу үшін қолданыстағы заңнамаға Денсаулық сақтау министрлігінің бағаны реттеу құзыретін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу талап ететіндігін, ол үшін  Министрлікке депутаттардың қолдауы керектігін айтты.

«Жұмыс істеп жатқан зертханалардың сапасы артып, өндірушіден пациентке дейін дәрілердің қозғалысын бақылайтын автоматтандырылған жүйе енгізіледі. Дәрілердің айналымын және нарыққа контрафакттық өнім түспеуін бақылау үшін еуропалық елдерде өндірілетін өнімнің әрбір орауына 2Д коды жүйесін міндетті қондыру бойынша қарар қабылданды. Бұл жүйенің ҚР енгізілуі барлық дәрілік тауар айналымын есепке алуға және бақылауға мүмкіндік береді.  Жүйенің жұмыс принципі – дәрілік заттың әрбір орауына бірегей код қондыру және елімізге жеткізілген препараттардың реестрін жүргізу», - деді Елжан Біртанов.

 Сондай-ақ, ол Министрлік клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізудің жаңа тәртібін әзірлеу жұмысын бастап кеткенін атап өтті. Сонымен қатар, дәрілік заттардың этикалық жылжыту тәртібін әзрілеу және тұрақты түрде мамандар мен тұрғындарды дәрілік заттарды қолдану сауаттылығының деңгейін көтеріп отыру қажеттігін баса айтты.

Осыған байланысты министр былай деді: «Дәрілік заттар, тегін  дәрілік заттарды алу құқығы, жиі кездестірілетін қауіпті аурулардың белгілері мен оның алдын-алу  туралы ақпаратты алу үшін Дәрілік  заттарды оңтайлы пайдалану  орталығы жұмыс жасайды.  Одан басқа, Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина теxникасын  сараптау ұлттық орталығы тіркелген дәрілерді және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігіне бағалауды іске асырады және дәрілерді клиникаға дейінгі сынақтан өткізеді.

«Негізгі рөлді амбулаториялық дәрілік қамсыздандырудың барлық жүйесін жоспарлау мен бақылау, тіркеуді жүргізуге мүмкіндік беретін дәрілік қамсыздандырудың ақпараттық жүйесі атқаратын болады. Аталған жүйе дәрігерлердің тағайындауы, диагнозы мен жазылған рецепттердің саны мен сомасы бойынша сапалы талдау жүргізу мүмкіндігін береді және сатып алынған дәрілік заттардың тиімділігін анықтайды, ең бастысы аймақтарға қажетті дәрілік заттарды толық қамтамасыз етеді», - деді Елжан Біртанов.

 «Отандық дәрілерді дамыту жолымен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін сақтау мәселелері маңызды.Үнемдеу арқылы бюджет ауыртпалығын (20%-дан кем емес) төмендету және логистика мен жоспарлау үдерісін жетілдіру, медициналық мекемелер мен тұрғындар үшін дәрілік заттарға экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесі мен көлемін (10%-дан кем емес) кеңейту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін әрі қарай жетілдіру қажет», - деді, сөзін қорытындылай келе Министр.

Анықтама үшін: кейбір ауруларға шалдыққан жеке азаматтардың (48 нозология бойынша) санаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген  көлемі аясында республикалық және жергілікті бюджет есебінен (420 атау бойынша) тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//