Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

23.11.2024

Мәжіліс денсаулық сақтау мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық ....

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  ҚР Заңының жобасын  бірінші оқылымда мақұлдады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов атап өткендей, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу аясында заң жобасымен мөлшерлемелерді және аударымдар мен жарналарды есептеу объектілерін өзгерту, сондай-ақ жарналарды мемлекет төлейтін төлемшілердің, жаңа тұлғалардың санаттарын енгізу, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) жұмысын ұйымдастыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөліктеріне түзетулер енгізу қарастырылады.

«Елдегі макроэкономикалық жағдайға байланысты және жұмыс берушілерге түсетін жүктемелерді азайту мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мемлекет жарналарының және жұмыс берушілердің аударымдарының мөлшерін азайту, жеке кәсіпкерлердің жарналарының мөлшерін бекіту және олар үшін есептеу объектісін ең төменгі 1 жалақының мөлшерінен ең төменгі 2 жалақының мөлшеріне дейін өзгерту туралы ұсыныстар енгізген болатын. Бұл ұсыныс Үкімет тарапынан қолдау тапты», - деп хабарлады министр.

 «Осылайша, мемлекеттің қорға төленуге тиіс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының мөлшерін  2018 жылғы 1 қаңтардан бастап  – 3,75 %, жұмыс берушілердің аударымдарын 2017 жылғы 1 шілдеден бастап  – 1%, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап  – 1,5% болуы ұсынылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың жарналары ең төменгі 2 жалақыдан  5%-ды құрайды.

Медициналық көмектің қолжетімділігі және жалпыға бірдей қамту қағидатын қамтамасыз ету мақсатында, жарналарын мемлекет төлейтін адамдар санатын кеңейту ұсынылады. Олар:  жұмыс істемейтін 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы қарап, күтім жасайтын адамдар, жұмыс істемейтін оралмандар, ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, білім беру ұйымдарында орта техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі күндізгі бөлімдерде оқуды аяқтаған тұлғалар. Қорға жарналар төлеушілердің тізбесі  белсенді емес тұрғындармен, оның ішінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңымен белгіленген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, тұрақты тұруға кеткен адамдарды қоспағанда, ҚР аумағынан тыс шыққан ҚР азаматтарымен   толықтырылатын болады.  Осы санаттағы тұлғалардың жарналарының мөлшерлемесі ең төменгі бір жалақының 5%-ын құрайды», - деп атап өтті Елжан Біртанов.

«Сондай-ақ, ол МӘМС жүйесін енгізуге байланысты, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне,  сондай-ақ аталған санаттың зейнетақы төлемдерін алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына медициналық көмек ұсыну мәселелерін реттеу талап етілетіндігінен хабардар етті.

Заң жобасында Қорды бірыңғай төлеуші ретінде айқындау ұсынылады. МӘМС пакетіне сақтандырылған азаматтарға шұғыл стационарлық көмек көрсету қарастырылған.  Қордың қаржылық тұрақтылығын арттыру және оның активтерін сақтау мақсатында түзетулер көзделіп отыр.

ҚР-ның шетелдіктерге қатысты қолданыстағы заңнамасы ҚР-ның аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерінде, білім саласында ҚР-ның азаматтарымен тең жағдайын қарастырады»,- деді Елжан Біртанов.

Ол, сатып алу және ақы төлеу бойынша бірыңғай тәсілдерді, сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған шығыстарға ақы төлеу және сатып алу бойынша құзыреттерді бөлу, сондай-ақ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үшін бірыңғай фармацевтикалық қызметтер берушіні айқындау ұсынылатындығын хабарлады.

 «Жалпы Заң жобасы денсаулық сақтау саласының, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін негізгі кезеңдерді қамтиды. Оның жүзеге асырылуы республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған республикалық бюджет шығындарының қысқартылуын қарастырады, - деп өз сөзін қорытындылады министр.

 «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы негізінде 6 Кодекс пен 16 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін естеріңізге саламыз.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//