2017 жылғы 11 сәуірде Бірыңғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарды жасасуға конкур жариялады.
Конкурс 772 дәрілік заттар мен 1367 медициналық мақсаттағы бұйымдарға жарияланды.
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын және олардың техникалық сипаттамаларын,дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атау бойынша жеткізу кезеңінің ұзақтығын көрсете отырып, хабарландыру мен номенклатурасы Бірыңғай дистрибьютордың ресми сайтында - www.sk-pharmacy.kz орналастырылған.
Отандық өндірісті және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау - Бірыңғай дистрибьютордың басты бағыттарының бірі. Сондай-ақ, бұл Мемлекет басшысының саясатын іске асыру. Отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың аталған шарасы инвестицияларды тартуды сақтауға, фармацевтикалық саланыңтұрақты дамуына ықпал етуге және шығарылатын өнімдердің сапасын арттыруымен өндіріске халықаралық стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күнде ішкі нарықта ұсынылатын өнімнің сапасы бойынша олардың барлық талаптарын сақтаған жағдайда жергілікті өндірістің дәрілік заттармен импорттық тауарларды ауыстыру үрдісі тұрақты жүруде. 2009 жылдан бастап 2017 жылға дейін кезеңде Бірыңғай дистрибьютордың сатып алудағы отандық өндірісінің үлесі жоспарлы өсуі байқалады.
"Ұзақ мерзімді шарттар жасасу отандық өндірушілерге үлкен қолдау болады және жаһандық бәсекелестік жағдайында өмір сүруге мүмкіндік береді, себебі кез-келген өндірістің негізі өнімді кепілді өткізу болып табылады", - деді "СК-Фармация" ЖШС Басқарма төрағасы М.Касаткин.
Анықтама: "Самұрық-Қазына" құрылымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютордың функцияларын жүзеге асыру сондай-ақ, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының тұрақтылығын арттыру және бәсекеге қабілеттілігі мақсатында Қазақстанның фармацевтикалық саласының, тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 2009 жылдың ақпан айында "СК-Фармация" ЖШС құрылды. Кейінірек, компания 2013 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілді (ҚР ДСМ).
«СК-Фармация» ЖШС жұмысы туралы қосымша ақпаратты компанияның баспасөз хатшысы Әйгерім Смаиловадан алуға болады.
Телефон +7 7172 55 49 40 +7701 777 19 32
Көзі материалдық mz.gov.kz