Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

23.11.2024

Денсаулық сақтау министрлігінде саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде селекторлық режимде министр Елжан Біртановтың басшылығымен алқа жиыны өтті, онда басқа мәселелермен қатар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа қарсы әрекеттердің жай-күйі талқыланды.

Жиынға министрліктің, ҚР ДСМ аймақтық комитет департаменттерінің, облыстық Астана және Алматы қалалары  денсаулық сақтау басқармаларының, ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлері және т.б. қатысты.

Алқа жиыны қатыушыларының алдында сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов министрліктің жемқорлыққа қарсы қызметі 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «100 нақты қадам» ұлт жоспары, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған кешеңді жоспар шеңберінде іске асырылатындығын атап өтті. Қазіргі кезде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылға арналған жемқорлыққа қарсы әрекеттердің іс-шаралар жоспары әзірленді, ол бүгін алқа жиыны мүшелерінің ұсыныстары ескеріліп, талқыланғаннан кейін бекітіледі

«Алқа жиынына дайындық барысында біз денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралармен қамтылуын талдадық. Талдау жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігі жеткіліксіз екенін көрсетті. Осы тұрғыдан, бізге денсаулық сақтау қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, нормативтік құқықтық актілердегі және процедуралардағы жемқорлық тәуекелдерді анықтау және жою, кадрларды іріктеп оларды орналастыру қажет», - деді Болат Төкежанов.

Жоспар бойынша денсаулық сақтау жүйесінде жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы әрекеттер бойынша кең көлемді іс-шаралар белгіленген, ол: мемлекеттік қызметкерлердің, медицина мекемелері басшыларының және бюджеттік сала қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын және жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру; өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыру бойынша шаралар қабылдау, оларды барынша автоматтандыру; Министрліктің және ведомстволардың сайттарында рұхсат беру құжаттарын  алу тәртібі және құрылымдық бөлімшелердің өкілеттілігі туралы ақпаратты жаңарту; денсаулық сақтау саласы қызметкерлері тарапынан орын алған жемқорлық және басқа да заңға қайшы әрекеттерге қатысты азаматтардың өтініштерін шұғыл қарау; бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомстволардың, олардың аймақтық бөлімшелері басшыларының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», Кәсіпкерлік, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстерінің, рұхсат беру заңнамасының талаптарын мамандар тарапынан қатаң сақталуы бойынша жұмысты жандандыру, жұмыс қорытындысы бойынша өткізілетін алқа жиындарда және кеңестерде, семинарларда жемқорлықтың алдын-алуы және оған қарсы тұру мәселелерін қарау.

Жиынды қорытындылай келе, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Министрлік жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бет алғандығын, жемқорлық әрекеттерге әкелетін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған жұмыс приоритет болатындығын атап өтті.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//