Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

23.11.2024

Қазақстанда бәсекелестікті жоғарылату есебінен халыққа көрсетілетін сапалы және қауіпсіз медициналық қызметтердің қолжетімділігі артады

Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері жөнінде кеңесі өтті, ол жерде  жеке медицина, денсаулық сақтау саласын ырықтандыру және қайта реттеу, сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде  (бұдан әрі - МӘМС) жеке медициналық ұйымдарға тең жағдайлар жасау мәселелері қаралды.

Үкімет мүшелері алдында сөз сөйлеген «Қазақстандық жекеменшік медициналық құрылымдар қауымдастығы» төрағасы Гүлнар Өтепова, Мемлекет Басшысы биылғы Жолдауында бәсекелестікті дамыту үшін, МӘМС жүйесінде  жеке медициналық ұйымдарға тең жағдайлар жасау керектігін атап өткен. Денсаулық сақтау Министрлігі бір жарым жылдан бері бизнес-ортамен тығыз жұмыс жасайтынын атап өткім келеді және қаңтар айының соңынан біз ұсынған кедергілерді қайта реттеу бойынша жұмыс топтары құрыла бастады және біздің қатысуымызбен Министрлік жанындағы медициналық қызметтер сапасы бойынша Біріккен комиссия және Бизнес-кеңес белсенді жұмыс істейді»,- деді.

«Бизнес үшін кедергілерді азайту және қайта реттеу бойынша Министрлік қызметінің негізгі бағыттарын анықтау үшін ҚР мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың қазіргі жағдайына және олардың ТМКК шеңберінде көрсететін қызметтер көлеміне талдау жүргізілді. Тұтастай алғанда, талдау көрсеткендей, ТМККК шеңберінде амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық қызметтерді ұсыну бойынша жеке медициналық бизнес өкілдері мемлекеттік тапсырыс алуға мүдделі», -  деді Үкімет мүшелері алдында сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі мен нарық қатысушылары арасында өзара іс-қимыл тетіктері құрылғанын атап өтті. Атап айтқанда, бір жарым жылдан бері Бизнес-кеңес жұмыс істейді. Қолданыстағы бизнеспен өзара іс-қимыл тетіктерін негізге ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі қайта реттеу үшін 3 негізгі бағыттарды айқындады: Бірінші – институционалдық қайта реттеу. Екінші – процестерді қайта реттеу. Үшінші – Министрліктің бақылау-қадағалау функцияларын қайта қарау» - деді ол.

Сондай-ақ, ол Министрліктің жұмыс жоспарына егжей-тегжей тоқталып, таныстырды. Атап айтқанда, ескірген 19 СанЕжН жойылатынын; бизнеске кедергі болатын талаптарды болдырмау мақсатында негізгі 24 СанЕжН-ға өзгерістер енгізілетінін, - атап өтті.

Бизнесті одан әрі тарту үшін тариф белгілеу әдістемесі қайта қаралатын болады. Атап айтқанда, қымбат емдеуге қоса төлеу мәселесі қаралады, негізгі шығындарды жаңартуға кеткен жеке меншіктердің шығындарын өтеу қарастырылған.

Сонымен қатар, медициналық қызметтер берушілерін таңдау Ережесінен қосалқы мердігерлік ұғымы алынып тасталады, бір учаскедегі жалпы тәжірибелік дәрігерге тіркелген азаматтардың саны төмендеп, қажетті құжаттардың тізімі қысқартылатын болады.

 МЖӘ дамыту шеңберінде жобаларды дайындау рәсімдері жеңілдетіледі, МЖӘ объектілерінің тұтыну қызметтерін кепілдендіру үшін жағдай жасалады, оның ішінде ұзақ мерзімді шарттар жасау арқылы.

«Жекеменшік медициналық ұйымдар үшін қайта реттеу мен кедергілерді азайту нәтижесінде: ТМККК-мен МӘМС бойынша қаржыландыруын амбулаториялық деңгейде 20% - ға дейін, стационарлық деңгейде 15% - ға дейін ұлғаятын болады. Мемлекеттік функциялардың 17-ін бәсекелі ортаға, үкіметтік емес секторға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру. Осылайша, бәсекелестікті жоғарылату есебінен халыққа көрсетілетін сапалы және қауіпсіз медициналық қызметтердің қолжетімділігі артады», - деді министр.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//