Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru

26.04.2024

ҚР Денсаулық сақтау министрі Медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссияның 2017 жылғы алғашқы отырысын өткізді

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың басшылығымен Медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссияның (әрі қарай - Комиссия)  отырысы өткізілді. Шараға мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Комиссия мүшелерінің алдында сөйлеген Елжан Біртанов Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында  денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (әрі қарай - МӘМС) енгізу; МӘМС жүйесінде жеке медициналық ұйымдарға тең мүмкіндіктер беру; денсаулық сақтау жүйесін қажетті ақпараттандырумен қамтамасыз ету және барлық дәрілік заттардың бағаларын заңды түрде реттеу  бойынша нақты тапсырмалар бергенін атап айтты.

«Аталған тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік органдардың, сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктердің күшін біріктіруіміз қажет», - деді Елжан Біртанов.

«Мәселен, дәрілік заттардың бағасын реттеу саласында дәрілерді электронды түрде рецептімен тағайындау мәселелерін қарастыру керек. Бұл пациенттер тарапынан бейресми төлемдердің орын алмауы үшін, сонымен қатар, азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреуге әкелетін дәрілік заттарды бақылаусыз қолданбау мақсатында жасалмақ», - деп атап айтты ол.

«Сонымен қатар, ҮЕҰ-мен жұмысты күшейтіп, олардың шараларға белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етіп, медициналық қызмет көрсетудің стандарттарын енгізу бойынша комиссияның қызметі жандандырылатын болады», - деді министр.

Комиссия отырысында кардиохирургиялық технологияларды бағалау нәтижесі қарастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 82 қадамын орындау мақсатында Медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссия құрылды. Комиссияны құрудағы негізгі мақсат -  емдеу хаттамаларын, медициналық білім беру стандарттарын жетілдіру арқылы медициналық қызмет көрсетудің үздік стандарттарын енгізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен олардың сапасын бақылау.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//