ШҚО ТЖД еске салады: алғашқы дүмпулерді сезінген сәттен бастап қауіпті ауытқуларға дейін сізде 15-20 секунд уақыт бар. Ғимараттан тез шығыңыз. Көшеде шыққан соң - ашық кеңістікке, ғимараттардан, биік ағаштардан, электр желілерінен аулақ болыңыз. Егер сіз көлікте болсаңыз, ашық жерде болыңыз, бірақ дүмпу тоқтағанша көліктен шықпаңыз.
Егер сіз ғимараттан шығуға үлгермесеңіз, онда үйде қалып, салыстырмалы түрде қауіпсіз орынды анықтаңыз: ішкі қабырға, бұрыштар, ішкі қабырға саңылауы. Мүмкін болса, үстелдің астын паналаңыз - ол сізді құлап жатқан заттар мен қоқыстардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз. Егер балалар сізбен бірге болса, оларды өзіңіздің денеңізбен жабыңыз. Тербелістер аяқталғаннан кейін ғимараттан шығыңыз.
Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса - "112"ұялы телефонынан барлық шұғыл қызметтерді шақырудың бірыңғай нөмірі.