Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru

25.04.2024

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Литва денсаулық ғылымдары университеті делегациясымен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  Литва денсаулық ғылымдары университеті (бұдан әрі - ЛДҒУ) делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы мәселелер бойынша ынтымақтастық талқыланды, атап айтқанда, қазақстандық жедел жәрдем дәрігерлері, педиатрлар, ЖТД, мейіргер ісі, оның ішінде медициналық ЖОО-ның профессор-оқытушылары құрамы үшін семинарлар мен тренингтер өткізуді ұйымдастыру.

Қонақтар Литва денсаулық ғылымдары университетінің қызметі туралы, оның Прибалтикадағы  клиникалардың және университеттердің ішінде ең ірісі болып табылатынын және студенттерді оқыту ағылшын тілінде де жүргізілетінін атап өтті. Ынтымақтастық аясында медициналық ЖОО-ның өкілдері қызмет көрсету бойынша мамандардың біліктілігін арттыру және оқытушыларды даярлау бойынша Литвада да, Қазақстанда да жүргізу ұсынылды.

Өз кезегінде, Елжан Біртанов ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді және Қазақстанда 2016 жылдан бастап "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатқаны туралы хабардар етті, оның басым бағыттарының бірі, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін (ҚДСҚ) қалыптастыру болып табылатынын айтты. Қоғамның қазіргі заманғы сын-қатерлеріне сәйкес,  медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда мейіргер ісі қызметі дамып келеді. Осыған байланысты, литвалық әріптестер ҚДСҚ құру және мейіргер ісінің білім беру жүйесін жетілдіру бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге болатынын алға тартты.

«Министрлікте босандыру және балалар, жіті миокард инфаркті және жарақат, жіті инсульт және онкологиялық ауруларға медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделі енгізілуде. Осы модельді енгізу кезінде сіздердің тәжірибеңізді біз ескердік ", - деп атап өтті министр.

Анықтама: 2007 жылдан бастап ЛДҒУ бірқатар қазақстандық ЖОО, республикалық орталықтар және клиникалармен ынтымақтастықта. Соңғы 5 жылда аталған университеттің базасында және отандық медициналық ұйымдарда 2000-нан астам дәрігерлер мен мейіргерлер, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырушылары оқытылды, 30-дан астам мастер-кластар жүргізілді, "Болашақ" бағдарламасы бойынша 19 стипендиат оқуын аяқтап, 83 менторлар Ұлттық медициналық холдингтің менторлық Институтының жұмысына қатысты.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//