Қазақстанда жарақаттанушылықтың алдын алу бойынша айлық басталды

Қазақстанда жыл сайын 1 және 30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балалар, жасөспірімдер және жастарды жол-көлік және тұрмыстық жарақаттылықтан алдын ала сақтандыру мақсатында айлық өткізіледі.

Жарақаттану жағдайлары, оның ішінде жол-көлік апаттары, суға кетіп қалу, күйіп қалу, құлау мен улану адамның өз денсаулығына, сондай-ақ, өзге адамдардың денсаулығына деген жауапкершілігінің жеткіліксіздігінен, өзін-өзі сақтау тәртібі мәдениетінің болмауынан, жол жүру ережелері сақтамауы және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәртіптің бұзылуынан болады.

Осыған байланысты, айлық барысында жол жүру ережелері туралы білім деңгейін көтеруге, дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету қағидалары туралы, өзін-өзі сақтау мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өткізілетін дөңгелек столдар, дебаттар, баспасөз конференциялары, семинар-тренингтер сияқты іс-шаралар жоспарлануда.

Қазақстанда мүгедектік пен өлім жағдайларының орын алмауы мақсатында жарақаттану кезіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі енгізілуде. Ол халықты әлеуметтік қолдау, оңалту, диспансерлік бақылау, емдеу және алдын алу кешенді шараларын қамтамасыз етеді.

Санитариялық авиация дамып келеді. Республикалық деңгейдегі жолдарда жол-көлік апаттарында зардап шеккендерге және басқаларға шұғыл көмек көрсету үшін трассалық медициналық-құтқару пунктері құрылған.

«Абайлаңыздар – балалар!», «Қауіпсіз жол», «Автобус» және т.б. профилактикалық шараларды өткізудің нәтижесінде Жол жүру ережелері бұзылуының анықталуы артты. Нәтижесінде соңғы 3 жылда апат көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады.

Анықтама: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын жарақаттанушылық және өзге де қайғылы жағдайлардың нәтижесінде әлемде 1,25  млн адам қайтыс болады. Жол-көлік апатынан болатын жарақаттанушылық 15-29 жас аралығындағы жас адамдардың арасындағы өлімге әкелетін негізгі себептердің бірі болып табылады. Әлемнің жолдарында қаза болған адамдардың жартысы - жаяу жүрушілер, велосипед және мотоцикл айдаушылар сияқты осал жол пайдаланушылары.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Довольны ли вы качеством обслуживания?
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
  • Votes:
Total Votes:
First Vote:
Last Vote:

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7,(7232)
26-28-01, 24-99-90

Консультативтік-диагностикалық орталығы:

Әуезов даңғ., 26, (7232) 25-52-51

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер