Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru

19.04.2024

Е. Біртанов: Денсаулық сақтау саласын жаңғырту – халық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған нақты қадам

Бүгін Астанадағы №5 қалалық емханада Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауындағы  денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыру аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қалалық медициналық активпен, ауруханалар мен емханалардың басшыларымен кездесті. Сонымен қатар, ол бизнестің дамуы үшін кедергілерді жою барысындағы жүйелі шаралар туралы «Медикер Педиатрия» жеке емханасында баяндап, Астана қалалық жедел-жәрдем медициналық көмек қызметімен танысты.

Министр биылғы Елбасы Жолдауындағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша бірқатар тапсырмаларды іске асыруға ерекше назар аударды. Бұл – денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру, дәрі-дәрмек бағасын реттеу мен міндетті әлеуметтік медицниалық сақтандыруды енгізу бойынша кең көлемді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткендей, аталған жүйелі тапсырмалар денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Дегенмен, халықтың сұранысын дер кезінде қанағаттандыру, пациенттердің қажеттілігіне уақытылы жауап беру үшін кезек күттірмейтін, жедел мәселелерді айқындау қажет.

«Денсаулық сақтаудың мемлекеттік жүйесі ТМККК көрсетілетін ірі емханалар мен стационарларда сақталды. Дей тұрғанмен, мамандардың, әсіресе, бейінді мамандар жетіспеушілігі байқалады. Ауылдық жерлерде тіпті аз. Емханалардағы жалақы төмен болғандықтан, еш маман барғысы келмейді, сондықтан да кезектер ұлғайып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділік мәселелері орын алып отыр», - деді Е. Біртанов.

Министр аталған мәселелердің тиімді шешімі ретінде жекелеген облыстарда пилоттық тәртіпте енгізілген ауруларды басқару бағдарламасын атады. Сондай-ақ, ол пациенттердің медициналық ұйымдарды еркі таңдау құқығын пайдалану керектігін, электрондық жүйе дәрігерлерге сырқаттарды қабылдауды реттеуге, кезекті оңтайландыруға көмектесуі тиіс екенін еске салды.  

«2019 жылдан бастап медициналық ұйымдардағы қағазбастылықтан арылып, электрондық форматқа өтеміз. Жаппай ақпараттандыру енгізілетін болады», - деді Е.Біртанов.

Өз кезегінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ақпараттандыру жүйесі халық тарапынан түсетін шағымдар санын азайтты. Қазір қалалық денсаулық сақтау нысандарында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп келетінін атап айтты.

Денсаулық сақтау саласын жаңғырту аясында министрлік салалық нормативтік базаны саралау мен сараптау бойынша үлкен жұмыс атқаралып келеді. Министрің айтуынша, Денсаулық туралы кодексті сараптау жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Ол  бірқатар ескірген нормаларды, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуға кедергі келтіретін реттеуші функцияларды қайта қарастыруда.

Медициналық сақтандыру жүйесі туралы айта келе, министр қор аясында медициналық көмек алу мүмкіндігіне тек жүйелі түрде жарна төлеп тұрған азаматтар ғана ие болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, ол жаппай медицинилық сақтандыру туралы заң жобасына ұсынылып отырған өзгертулерге тоқталды. Министр ешқайда тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың мәселесіне назар аударды.

«Тұрғындарды бекіту кампаниясына арналған екі айдың ішінде азаматтардың мәртебесін анықтауымыз керек. Бірінші кезекте ешбір жүйеде қамтылмаған 2 миллионға тарта адамның мәселесін шешуіміз керек.  Олар өздерінің мәртебесін нақтылап, бекітілген тұрғындар регистріне енуі тиіс», - деді сала басшысы.

Әрі қарай «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма басшысы Елена Бахмутова сақтандыру жүйесіндегі денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың жаңа үлгісі туралы, оның қызмет етуі, құрылымы, шығындары мен медициналық көмек көлемін контрактілеу туралы баяндады.

 «Егер біз өзге көптеген мемлекеттердегідей денсаулық сақтау саласына халықаралық стандарттарды енгізетін болсақ, бұл тек емдеу процестеріне ғана қатысты болмайды, сонымен қатар, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі қаржылық шығындарды тиімді басқаруды да қамтиды», - деді ӘМСҚ басшысы. Сондай-ақ ол төлеушілердің санаты бойынша жарналарадың көлемі туралы толыққанды ақпарат берді.

Кездесу барысында қалалық емхана басшылары міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі бірқатар медициналық көмек түрлерінің, оның ішінде қабылдау бөлімдері, психиатриялық қызмет тарификациясы туралы сауалдарына жауап алды. Бүгін Астанадағы №5 қалалық емханада Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауындағы  денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыру аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қалалық медициналық активпен, ауруханалар мен емханалардың басшыларымен кездесті. Сонымен қатар, ол бизнестің дамуы үшін кедергілерді жою барысындағы жүйелі шаралар туралы «Медикер Педиатрия» жеке емханасында баяндап, Астана қалалық жедел-жәрдем медициналық көмек қызметімен танысты.

Министр биылғы Елбасы Жолдауындағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша бірқатар тапсырмаларды іске асыруға ерекше назар аударды. Бұл – денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру, дәрі-дәрмек бағасын реттеу мен міндетті әлеуметтік медицниалық сақтандыруды енгізу бойынша кең көлемді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткендей, аталған жүйелі тапсырмалар денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Дегенмен, халықтың сұранысын дер кезінде қанағаттандыру, пациенттердің қажеттілігіне уақытылы жауап беру үшін кезек күттірмейтін, жедел мәселелерді айқындау қажет.

«Денсаулық сақтаудың мемлекеттік жүйесі ТМККК көрсетілетін ірі емханалар мен стационарларда сақталды. Дей тұрғанмен, мамандардың, әсіресе, бейінді мамандар жетіспеушілігі байқалады. Ауылдық жерлерде тіпті аз. Емханалардағы жалақы төмен болғандықтан, еш маман барғысы келмейді, сондықтан да кезектер ұлғайып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділік мәселелері орын алып отыр», - деді Е. Біртанов.

Министр аталған мәселелердің тиімді шешімі ретінде жекелеген облыстарда пилоттық тәртіпте енгізілген ауруларды басқару бағдарламасын атады. Сондай-ақ, ол пациенттердің медициналық ұйымдарды еркі таңдау құқығын пайдалану керектігін, электрондық жүйе дәрігерлерге сырқаттарды қабылдауды реттеуге, кезекті оңтайландыруға көмектесуі тиіс екенін еске салды.  

«2019 жылдан бастап медициналық ұйымдардағы қағазбастылықтан арылып, электрондық форматқа өтеміз. Жаппай ақпараттандыру енгізілетін болады», - деді Е.Біртанов.

Өз кезегінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ақпараттандыру жүйесі халық тарапынан түсетін шағымдар санын азайтты. Қазір қалалық денсаулық сақтау нысандарында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп келетінін атап айтты.

Денсаулық сақтау саласын жаңғырту аясында министрлік салалық нормативтік базаны саралау мен сараптау бойынша үлкен жұмыс атқаралып келеді. Министрің айтуынша, Денсаулық туралы кодексті сараптау жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Ол  бірқатар ескірген нормаларды, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуға кедергі келтіретін реттеуші функцияларды қайта қарастыруда.

Медициналық сақтандыру жүйесі туралы айта келе, министр қор аясында медициналық көмек алу мүмкіндігіне тек жүйелі түрде жарна төлеп тұрған азаматтар ғана ие болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, ол жаппай медицинилық сақтандыру туралы заң жобасына ұсынылып отырған өзгертулерге тоқталды. Министр ешқайда тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың мәселесіне назар аударды.

«Тұрғындарды бекіту кампаниясына арналған екі айдың ішінде азаматтардың мәртебесін анықтауымыз керек. Бірінші кезекте ешбір жүйеде қамтылмаған 2 миллионға тарта адамның мәселесін шешуіміз керек.  Олар өздерінің мәртебесін нақтылап, бекітілген тұрғындар регистріне енуі тиіс», - деді сала басшысы.

Әрі қарай «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма басшысы Елена Бахмутова сақтандыру жүйесіндегі денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың жаңа үлгісі туралы, оның қызмет етуі, құрылымы, шығындары мен медициналық көмек көлемін контрактілеу туралы баяндады.

 «Егер біз өзге көптеген мемлекеттердегідей денсаулық сақтау саласына халықаралық стандарттарды енгізетін болсақ, бұл тек емдеу процестеріне ғана қатысты болмайды, сонымен қатар, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі қаржылық шығындарды тиімді басқаруды да қамтиды», - деді ӘМСҚ басшысы. Сондай-ақ ол төлеушілердің санаты бойынша жарналарадың көлемі туралы толыққанды ақпарат берді.

Кездесу барысында қалалық емхана басшылары міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі бірқатар медициналық көмек түрлерінің, оның ішінде қабылдау бөлімдері, психиатриялық қызмет тарификациясы туралы сауалдарын қойды. Министр алатған сұрақтарға жауап бере отырып, медициналық қызмет тарифі саясатын ендігі кезекте жеке сектормен бірлесе отырып құру қажеттігін алға тартты.

«Егер біз жасанды түрде бағаны төмендететін болсақ, сапаның төмендігі мен халықтың наразылығын тудырамыз. Мұндай жағдайда азаматтар жеке емханаларда ақшаларын төлеп, сол ұйымдардың қызметіне жүгінетін болады», - деді ведомство басшысы.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//